«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС-на аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру

 

Аудиторлық қызметтерге Тапсырыс беруші болып табылатын «МАҢҒЫШЫЛАҚ-МҰНАЙ» ЖШС 2022 жылғы 10 маусымдағы № 197 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібін (бұдан әрі – Тәртіп) басшылыққа ала отырып,  мынадай көлемде және мынадай талаптарда аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің жүргізілгені туралы хабарлайды:

1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы: «МАҢҒЫШЫЛАҚ-МҰНАЙ» ЖШС, Астана қ-сы, А. Бөкейхан к-сі, 12, 9 қабат, эл/адресі: [email protected], байл.тел.+7 7172 79 84 66 (0552).

2. Сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтер көлемінің қысқаша сипаттамасы:

Тапсырыс берушінің Қаржылық есептілік халықаралық стандарттарына (бұдан әрі - ҚЕХС) және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 6 айдағы, 2024-2025 жылдар кезеңінде әрбір қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталатын бір жылдағы жағдай бойынша ҚР уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбеге, нысандарға сәйкес дайындалған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық қызметтер көрсету талап етіледі.

Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес көрсетілетін 2024-2025 жылдардағы қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қызметтер мыналарды көздейді:

2.1 арнайы мақсаттағы аудиторлық есепті шығарумен 2024 жылғы 30 маусымда, 2025 жылғы 30 маусымда, 2024-2025 жылдар кезеңінде есепті жылы аяқталған 6 айдағы FC жүйесіндегі қаржылық есептілік деректерін растау;

2.2 2024 жылғы 30 маусымда, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған 6 ай үшін аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті ұсыну, 2024-2025 жылдар кезеңінде әрбір есепті жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жағдай бойынша және бір жыл үшін ҚЕХС сәйкес дайындалған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті ұсыну;

2.3 2024 жылғы 30 маусымда, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған 6 ай үшін аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті ұсыну, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актімен бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес нысандар бойынша дайындалған 2024-2025 жылдар кезеңінде әрбір есепті жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жағдай бойынша және бір жыл үшін қаржылық есептілікке аудиторлық есепті ұсыну.

3. Аудиторлық тексеру жүргізу шеңберінде сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы, олардың құны олар бойынша тиісті ұсынымдар бере отырып, қызметтердің жалпы құнына енгізілген, басшылық хаттарында "Маңғышлақ-Мұнай" ЖШС-ның 2024-2025 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған сұрау салуда (бұдан әрі - Қатысуға сұрау салу) сипатталған, ол қатысушылардың құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін ресми сұрау салуы бойынша беріледі.

4. Қызмет көрсету мерзімі:

№ р/с

Тапсырыс берушінің атауы

Әр есепті қаржы жылының 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезең үшін басшылыққа хат (2024 - 2025 жж.)



«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 28.02.07 ж. №234-Ш ҚРЗ сәйкес (2024 - 2025 жж.)

6 ай және бір жылдың қорытындысы бойынша әрбір есепті қаржы жылындағы аудиторлық есептер 

3 дана.



ҚЕХС бойынша (2024 - 2025 жж.)

әрбір есепті қаржы жылындағы 6 айдың қорытындылары бойынша аудиторлық есептер 

3 дана.

Арнайы мақсаттағы аудиторлық есепті шығарумен 2024 жылдан 2025 жыл бойынша  кезеңдегі 6 ай, 9 ай, есепті жыл үшін FC жүйесіндегі қаржылық есептілік деректерін растау.

2 дана.



Әрбір есепті қаржы жылы үшін (2024 - 2025)

басшылыққа хат




1

«МАҢҒЫШЛАҚ-МҰНАЙ» ЖШС

Есепті жылдың 15 қарашасына дейін

6 айдың қорытындысы бойынша – ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін,

жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін


6 айдың қорытындысы бойынша – ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін,

9 айдың қорытындысы бойынша  – ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін, жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін


6 айдың қорытындысы бойынша – ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін,

жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін


Есепті жылдан кейінгі жылдың 8 ақпанына дейін



5. Аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алуға бөлінген сомалар:

2024 жылға - ҚҚС есебімен 3 460 800 теңге, ҚҚС-сыз 3 090 000 теңге;

2025 жылға - ҚҚС есебімен 3 564 624 теңге, ҚҚС-сыз 3 182 700 теңге;

6. Қатысуға Сұрау салудың көшірмелерін әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері (1) Құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіштерде мына мекенжай бойынша ала алады: Астана қ-сы, Ә. Бөкейхан к-сі, 12, 9-қабат, каб. 0915.

7. Таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті Қатысушы қызмет көрсетуге ресми ұсынысты мерзімде және қатысуға Сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес ұсынуға тиіс.

8. Қатысушылардың ресми ұсыныстары Тапсырыс берушіге мына мекенжай бойынша мөрленген жабық конвертте ұсынылады: Астана қ-сы, Ә. Бөкейхан к-сі, 12, 9-қабат, каб. 0915. Әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері ресми ұсынысты қолма-қол ұсынған кезде әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері әлеуетті қатысушының мүдделерін білдіретін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ресми ұсынысты ұсыну құқығына сенімхат ұсынуға тиіс.

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынуды бастау мерзімі: 2023 жылғы "20" қарашада Астана уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап.

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың аяқталу мерзімі: 2023 жылғы "21" желтоқсан Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минут.

Ұсынылған ресми ұсыныстары бар конверттерді ашу 2023 жылғы 22 желтоқсанда сағат 15.00-де Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 12 мекенжайы бойынша өтеді.

Құпиялылық туралы келісімнің жобасы қоса беріледі.

[1] Қатысушы - аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер және тәртіпке сәйкес таңдау рәсімдеріне қатысатын аудиторлық ұйым.

1. Құпиялылық туралы келісім.

2. Қызмет көрсету туралы шарт.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың 2023 жылғы 27 қазандағы № 226 сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі.