Әлеуметтік жауапкершілік


«Самұрық-Қазына» АҚ-да персонал арасындағы әлеуметтік шиеленіске уақтылы ден қою мақсатында, жыл сайынғы негізде әлеуметтік ахуалға мониторинг жүргізіледі. 2023 жылы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» жеке мекемесі Samruk Research Services-ке (SRS) «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша әлеуметтік тұрақтылық индексіне зерттеу жүргізді.

2023 жылы әлеуметтік тұрақтылық индексі 67% құрады.

SRS төмендеуіне Қатысу индексінің (қызметкерлердің адалдық деңгейі бағытында нашарлау орын алды) және Әлеуметтік әл-ауқат индексінің төмендеуі әсер етті.


Тұтынушылардың және басқа да мүдделі тараптардың шағымдарымен жұмыс істеу тәртібі

1. Шағымдарды қабылдау

Өтініш немесе шағым беру үшін мынадай ақпараттық арналар көзделеді:

- пошта мекенжайы-ақпаратты пошта арқылы мына мекенжайға жіберу: Z05m0c6, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 12 ғимарат;

- электрондық пошта-электрондық өтініш түріндегі ақпаратты мына мекенжайға жолдау: [email protected];

2. Шағымдарды тіркеу және қарау

- келіп түскен барлық шағымдар өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі;

- шағымның маңыздылығы мен ауырлығына бағалау және зерттеу жүргізіледі. Шағымды шешуге жауапты тұлғалар тағайындалады;

- мәселе оң шешілген жағдайда шағымға жауап дайындалады.

- егер шағым бойынша шешім дереу қабылданбаса, шағым тиісті шешім шығаратын Комиссияның қарауына жіберіледі.

- шағымды қарау мерзімі - шағым тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн.

3. Тұтынушылармен және басқа мүдделі тараптармен кері байланыс

- жауапты тұлға өтініш берушіні тергеу нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабардар етеді

4. Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптардың шағымдарын бақылау және талдау

Барлық алынған шағымдар шағымдардың сипаты - мәселелері бойынша жіктеледі және жүйеленеді, шағымдар мен олардың мониторингі бойынша деректер (алынғандар саны, қаралғандар және негізделген деп танылғандар саны, қайталанғандар саны, пысықталғандар және жабылғандар саны) жүйелі (қайталанған) және бірлік шағымдарды бөліп көрсету, шағымдардың әртүрлі санаттарының тенденцияларын бағалау үшін есептеледі.

Есепті кезеңнің нәтижелері бойынша шағымдармен жұмыс жөніндегі жауапты бөлімшелер (тұлғалар) ақпаратты қамтитын есеп - талдау қалыптастырады:

- келіп түскен жазбаша және ауызша өтініштер (шағымдар) санының өзгеру серпіні, сондай-ақ негізді деп танылған қайталама өтініштер (шағымдар), өтініштер (шағымдар) санының өзгеру серпіні туралы;

- тұтынушылардың және басқа да мүдделі тараптардың компанияны қабылдау көрсеткіштеріне елеулі әсер ететін қызмет аспектілері туралы;

- көрсетілетін қызметтердің, процестердің, әдістердің және компания персоналының күшті және әлсіз жақтары туралы.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Әкімшілік және басқарушылық лауазымдарға кандидаттарды іздестіру және іріктеу қағидалары