Көп жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау тек заңнаманың талабы ретінде ғана қаралды, нормативтік-құқықтық талаптар да қауіпсіздік мәселелерін басқару жөніндегі жұмыстың бағыттарын айқындады. Тәртіп пен бақылау негізгі шаралар болып табылды. Бұл ретте өндірісте жарақаттану жағдайларының болмауы қол жеткізбейтін мақсат болып саналды немесе әрі кетсе, біз ұмтылатын арман сияқты қарастырылды.

Уақыт өте келе, біздің қауіпсіздік мәдениетіміз өндірістік процестердің күрделілігін түсіну, еңбекті қорғау мәселелеріндегі дербес жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігін жақсарту жағына қарай өзгере бастады. Біз осы бағыттың одан әрі дамуының куәгерлеріне айналдық, ішкі команданың барынша тиімді өзара іс-қимылының нәтижесінде біз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында өзімізді көшбасшы ретінде қабылдай бастадық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сонымен бірге қызметкерлер, мердігерлік ұйымдардың өкілдері мен қоғам алдындағы біздің адамгершілік борышымызға айналды. Бұдан басқа, біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша таңдаулы тәжірибелерді енгізу ешқандай зиян әкелмейтінін түсіндік, осыған орай,қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған жағдайда, материалдық, адами зор шығындарға және де іскерлік беделіміздің төмендеуіне алып келері анық. 

Қауіпсіздік тұрғысында ең қолайлы күн – бұл ҚМГ барлық қызметкерлері өз отбасыларына жарақат алмай аман-сау оралатын күн, апаттардың болмаған және біздің қызметіміз қоршаған ортаға зиянын келтірмейтін күн. 2014 жылы біз алғаш рет осы күндердің есебін бастадық және осы айтылған оқиғаларсыз 90 күн жұмысымызды қауіпсіз жасап шықтық. 2015 жылы бұл көрсеткіш 96 күн болса, 2017 жылдың соңына қарай 30%-ға жақсарып, 125 күнге жетті. Ағымдағы жылдың статистикасы жылдың соңына қарай 200 қауіпсіз күнді болжауға мүмкіндік берді, алайда оң серпінге қарамастан, біз әлі де болса жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз 365 қауіпсіз күнге жақындаған сайын әрбір келесі күнге қол жеткізу үшін күш-жігерімізді көбірек жұмсайтынымызды түсінуіміз керек.

Сол себепті біз «100% қауіпсіздік» бағдарламасын іске қосамыз. Егер бұрын жазатайым оқиғалар мен апаттардың толықтай болмауы біздің пайымымыз болса, ал енді – бұл нәтижені күту болып табылады. Бұл біздің өзіміздің және мердігердің қызметкерлеріне тиісті құқықтарын бере отырып, егерде қауіпсіздік техника қағидалары орындалмау, бұзу немесе «100% қауіпсіздік» қағидатынан ауытқушылық орын тапқан кездерде, олар өз пікірін ашық айта алатынын, жұмыс барысына араласа отырып, қойылған талаптарға сәйкестендіруді қамтамасыз ететінін күтеміз.

Қауіпсіздік ережелерін 100% сақтау деген ұстаным ҚМГ компаниясының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Бұл жай ғана ұран емес! 

Жақын арадағы аптаның ішінде сіз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін 100% сақтаудың маңыздылығын түсіндіретін бейнероликтерді қоса алғанда, қосымша ақпаратты аласыздар.

Мен және ҚМГ басшылығының бәрі «100% қауіпсіздік» қағидатын бұлжытпай орындаймыз. Компанияның барлық тобы бойынша осы жолдаудың таратылуын және дұрыс түсінуін қамтамасыз етуді сұраймын.

__________________________________

Басқарма төрағасы С. Мыңбаев