«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің бастамасымен Доха қаласында Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы жобасының барлық қатысуышыларымен кеңейтілген кездесу өтті. QazaqGaz, Power International Holding, KCG, HBP басшылығы газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын жедел дету бойынша Қашағандағы ГӨЗ жобасы құрылысын жеделдету туралы талқылады. 

Жоғарыда аталған компаниялар-мердігерлердің акционерлері QazaqGaz және UCC Holding (катарлық Power International Holding-тың еншілес кәсіпорны) басшылығына жобаны жүзеге асыру статусы, тапсырмалар мен аталған жобаны жеделдету бойынша қабылданып жатқан шешімдер туралы есеп берді.

Айта кету керек, UCC Holding тарапынан газ өңдеу зауытының 75 пайыз бөлігін сатып алу туралы келіссөздер аяқталды. Транзакция шарттарын келісу процесі басталды. Жобаның операциялық бақылауын катарлық UCC Holding алды. Сонымен қатар, UCC Holding «GPC Investment» ЖШС-не (Атырау облысындағы ГӨЗ құрылысының операторы) күрделі құрылыс бойынша жаңа атқарушы директор тағайындап жатыр. 

Бұдан басқа, кездесу барысында тараптар бірлескен үш жобаны жүзеге асыру мен жеделдету мәселесін қарастырды. Жекелей алсақ, Қашағандағы қуаты 2,5 млрдты құрайтын ГӨЗ құрылысы жобасы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ екінші тармағының құрылысы мен «Ақтөбе-Қостанай КС-14» жобасы бар.