Туған жылы және туған өңірі | 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген |
Азаматтығы | Қазақстан Республикасы |
Отбасылық жағдайы | Үйленген |
Білімі | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша, King’s College London магистратура бағдарламасын «Қаржылық математика» мамандығы бойынша тәмамдаған және University of Wales Institute (Ұлыбритания) MBA дәрежесі бар. |
Еңбек өтілі | 2011–2012 жж. – S&P Global Platts агенттігінің талдаушысы (Лондон қ., Ұлыбритания); 2012–2013 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаменттің аға талдаушысы; 2013–2018 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Аға талдаушы, жетекші талдаушы, қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары; 2018–2019 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қаржылық бақылау департаменті директорының орынбасары; 2019–2021 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазынашылық департаментін басқарды; 2021–2022 жж. – «АППАК» БК ЖШС (Қазақстан-Жапон бірлескен кәсіпорыны) Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары; 2019 жылдан 2022 жылға дейін «Үлбі металлургия зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді; 2022 жылғы наурыздан бастап, бүгінге дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. |