Дәстүр бойынша президент сыйлығының лауреаттарын және «Алтын сапа», «Парыз-2019», «Қазақстанның үздік тауары» және «Ұлы дала елі» республикалық конкурстарының жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясындағы «Парыз-2019» сыйлығын «Амангелді Газ» ЖШС бас директоры  Еркен Қасеев алды.

Кен орнында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру компания жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады және оның қорытындысы экологияға теріс әсер етуді толығымен төмендету болды.

 «Парыз» сыйлығын табыстау жөніндегі «Амангелді Газ» ЖШС-ның қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады.  

Компания Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің және басқа да заңнамалық және нормативтік актілерінің  талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізеді.

Кен орындарындағы барлық өндірістік және технологиялық процестер толықтай автоматтандырылған және компьютерлендірілген, бұл газды дайындау процесін, ұңғымалар жұмысы режимін өзгертуді және жалпы орнатуды бақылауды жүргізуге, қосалқы жүйелер жабдықтарының жұмысын бақылауға және реттеуге мүмкіндік береді.

Газды және конденсатты талдауды жүргізу үшін барлық қажетті жабдықпен және аспаптармен жабдықталған аккредиттелген химиялық зертхана жұмыс істейді.

«Амангелді Газ» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары газ, газ конденсатын өндіру және Жамбыл облысының пайдаланушылары үшін тауарлық газ жеткізу болып табылады. Серіктестік үш кен орнын Амангелді, Жарқұм және Айрақты пайдалануды жүзеге асырады.

Кен орындарында өндірілетін газ Жамбыл облысы халқының, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз етеді.  Қазіргі уақытта Амангелді кен орнында 40-тан астам ұңғыма пайдаланылады. Осы жерде өндірілетін газ оңтүстік өңірлер үшін көгілдір отын тапшылығын төмендетуге едәуір көмектесті, энергетикалық нарықта тұрақтандырушы рөл ойнады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз-қызметі

Тел: +7(7172) 55 23 16