Атап өтерлігі, көмір қабаттарынан метан газын өндіру - Қазақстан үшін атмосфераға метан таралуын қысқартып, көмір өндіруші кәсіпорындардағы қауіпсіздікті арттыратын және экологиялық таза әрі дәстүрлі емес отын көзі болып табылады.
Бүгінгі күні керннің іріктеп алынған үлгілері бойынша әлемдегі сертификатталған үш зертхананың бірі NCCBM-нің (Қытай) алдын ала есебі алынды. Жүргізілген талдау көмір қабаттары газдылығының тоннасына 26 текше метр газды құрайтын жоғары көрсеткіштері барлығын растады. Бұл жүргізіліп отырған жұмыстардың перспективасы бар екендігін тағы да дәлелдейді. Әлемде осындай ұқсас жобаларда рентабельді газдылық тоннасына шамамен 15 текше метрді құрайды. Алынған осы нәтижелер Қазақстандағы жаңа отын-энергетикалық саланың дамуына жол ашылғандығын білдіреді, себебі көмір қабаттарынан өндірілген газдың жоғары жылу қуаты еліміздің орталығы мен солтүстік өңірлерін газдандыруға, осы аймақтардағы өндіріс ошақтары пайдаланатын көмірді экологиялық таза отын түрімен алмастыруға мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГаз» АҚ атап өткендей, геологиялық ақпарат негізінде көмір қабаттарынан газ өндірудің ең тиімді инновациялық технологиялары таңдап алынатын болады. Қазіргі кезде тәжірибелік-өнеркәсіптік ұңғымаларға дебитті қарқынды етудің әртүрлі әдістері қолданылып, игеру жүргізілуде. 2016 жылы көлденең ұңғыманы бұрғылау, қорларды мемлекеттік балансқа қоя отырып, оларды есептеу және ТЭН әзірлеу жоспарланып отыр.
«ҚазТрансГаз» АҚ
Баспасөз қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16