Инновациялық жабдықты немесе «ақылды газ есептеуіштерін» орнату Қостанай қаласында осы жазда-ақ басталады.

«Ақылды» есептеуіштер жұмысы NB-IoT (NarrowBand Internet of Things) деректерін беру технологиясына негізделген. NB-IoT сигналын тарату үшін ұялы байланыс желісі пайдаланылады. Осы радиотехнологияның жаңа ерекшеліктері есебінен түпкілікті қондырғылардың (есептеуіштер, датчиктер) төменгі энергия тұтынуына қол жеткізіледі, ол аспаптар аккумуляторының жұмыс істеу мерзімін 10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Технология сондай-ақ қондырғылар мен базалық станция арасында жоғары деңгейлі қауіпсіз қосылуды ұстайды. Осы стандарт лицензияланбаған жиілік спектрінде жұмыс істейтін оған ұқсас технологияларға қарағанда, лицензияланған және қорғалған болып келеді.

«ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Рустам Сулейманов атап өткендей, «дәлдігі жоғары өлшеу аспаптарымен газды орынды тұтыну азаматтарға да мемлекетке де тиімді. Енді көрсеткіштерді қашықтықтан жазып алу аспаптары орнатылатын қалаларда, бақылаушылар үй-жайларға барып жүрмейтін болады. Бұл азаматтар өздерін газшылар деп таныстырған алаяқтарға жем болатын жағдайларды толығымен болдырмауға мүмкіндік береді, - деп Рустам Сулейманов айтып өтті, - осындай кезде біздің де бақылаушылар талай рет қауіп-қатерге тап болып жүрді. Бірақ ең бастысы, бұл - қаражатты үнемдеу, ықтимал жылыстауларды азайту және газ беру сервисін жетілдіру».

Газ саласында осындай жабдықты қолдану цифрландыру саласындағы серпінді қадам деп айтыла басталды. Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында газ есептеу мен оның шығыстарын бақылауға да жеңіл болады, барлық деректер электрондық жүйемен тіркелетін болады, ол адами факторды жоққа шығарады. Бұдан басқа, «ақылды есептеуіштердің» ең маңызды функциясы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған. Авариялық оқиға туындаған жағдайда, датчик өзгерістерді жазып алып, деректерді басқарушы компанияға жедел түрде береді.

«ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) мемлекеттің мүдделерін отандық жән шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ бөлу желілері бойынша тауарлық газ тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарыққа сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі, 

байл. тел: +7(7172) 55 23 16 

Beeline Business – бұл мобильді және тіркелген байланыстың кешенді шешімдерінің мультисервисті провайдер байланысы. Beeline Business клиенттері деректер берудің әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тіркелген және мобильді  телефония, 185 астам елде роумингке, сондай-ақ  басқа да көптеген қызметтерге қол жеткізеді. Клиенттер бизнесінің тиімділігін арттыру үшін компания бірқатар заманауи тиімді ұсыныстарды іске асырып, жаңа инновациялық қызметтерді әзірлеуді жалғастыруда. 

***

Қосымша ақпарат үшін: Beeline Қазақстан корпоративтік коммуникациялар қызметіне жүгінген жөн,

[email protected]