Бұрын, шетелдік валютадағы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуге бағытталған жұмыстар шеңберінде, «ҚазТрансГаз» АҚ жалпы сомасы 270 млн. АҚШ долларына еврооблигацияларды кері сатып алуды жүзеге асырған болатын. Қолма-қол есеп айырысу арқылы еврооблигацияларды кері сатып алу жөніндегі мәміле қазақстандық нарық үшін бірегей болып табылатындығын және бұрын отандық компаниялар мұндай транзакцияларды жүргізбегенін атап өткен жөн.
Осылайша, «ҚазТрансГаз» АҚ 2015 жылы борыштық ауыртпалықты азайтуға бағытталған бірқатар мәмілелерді табысты жүргізді, соның нәтижесінде компаниялар тобы бойынша борыштық міндеттемелерді 1 млрд. доллардан 300 млн. долларға дейін, яғни үш есеге азайтудың сәті түсті.
Экономикалық дағдарыс жағдайында валюталық міндеттемелерді азайту және валюталық тәуекелдерді жою қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен сауатты қаржылық басқару көрсеткіші болып табылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның
Баспасөз қызметі Тел: 7(7172)-55 23 16