«ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ны «ҚазТрансГаз» АҚ Грузия астанасы мен оған іргелес аудандарды газбен жабдықтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру мақсатында 2006 жылы 2005 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚазТрансГаз» АҚ мен Грузияның Экономикалық даму министрлігі арасында жасалған меморандумды орындау үшін құрды. 2006-2009 жылдар ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ мен Тбилиси қ. газбен жабдықтау жүйесін дамытуға жалпы алғанда шамамен 130 миллион АҚШ долларын инвестициялады.
«ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ға 100% қатысу үлесін иемденуге қарамастан, 2009 жылғы 16 наурыздан бастап Кутаиси қалалық сотының ұйығарымымен Грузияның энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі ұлттық реттеуші комиссиясының «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ны арнайы басқарушыны бекітуге қатысты өтініші қанағаттандырылған болатын.
Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің еншілес компаниясының қызметіне қатысуға мүмкіндігі жоқ.
«ҚазТрансГаз» АҚ Грузияның уәкілетті органдарының көрсетілген іс-әрекеттерімен Грузияның ұлттық заңнамасында және инвестицияларды қорғау туралы халықаралық келісімдерінде белгіленген шетелдік инвестордың құқықтары бұзылып отыр деп пайымдайды.
«ҚазТрансГаз» АҚ грузин тарапының сындарлы ұстанымына және төрелік алдындағы рәсімдер шеңберінде даудың жылдам реттелетініне үміттенеді.
Егер төрелік алдындағы реттеу дауды шешуге алып келмейтін болса, «ҚазТрансГаз» АҚ 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық хартияға шарттың және 1996 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің, өзге халықаралық келісімдердің, сондай-ақ Грузияның ұлттық заңнамасының ережелеріне сәйкес инвестициялық төрелік талқылауға кіріседі және «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ға бақылаудың қайтарылуын және салынған инвестициялар сомасынан кем емес мөлшерде шығындарды өтеуін талап ететін болады.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз қызметі
Тел: 7(7172)-55 23 16