Есептік кездесу онлайн-конференция тәртібінде өтіп, оған еншілес компаниялардың басшылары мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатыса алды.
Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры м.а. Қанат Құрманәлиев есеп берді. Ол Ұлттық газ операторының жұмысының барлық дерлік үрдістеріндегі оң серпінді атап өтті. Соның ішінде, газды магистральды тасымалдау 100 857,4 млн м3 құрады, оның ішінде ішкі тасымал 17 344,1 млн м3, газды экспортқа тасымалдау - 17 712,6 млн. м3 құрады. Халықаралық транзит 65 800,8 млн м3 құрады, ішкі нарыққа 17 742,7 млн. м3 «көгілдір отын» өткізілді. Жартыжылдықтың қорытындылары бойынша табиғи газ шығару 343,7 млн м3, газ конденсатын шығару 20,65 мың тонна құрады.
2017 жылғы 11 қыркүйекте халықаралық «Fitch Ratings» агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) және оның 100%-дық еншілес компанияларының - «Интергаз Орталық Азия» (ИЦА) АҚ-ның және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімдік рейтингтерін (ЭДР) «BB+» бастап «BBB-» дейін көтерді.
2017 жылғы 26 қыркүйекте «ҚазТрансГаз» АҚ айналым мерзімі 10 жыл еврооблигацияларын табыспен орналастырды.
2017 жылы «Қазақстан-Қытай» газ құбыры бойынша Қазақстан газын әлемде ең жылдам өсіп жатқан газ нарығына ие болып отырған Қытайға экспорттау алғаш рет басталды. Қытайға экспорттаудың басталуының арқасында, газды экспортқа тасымалдау көлемі 1 млрд. м3-ге артты. Экспорт үшін ресурс базасы болып Қашаған және Жаңажол кен орындарынан жеткізілетін газ қызмет етті.
2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы газ транзитінің (7,5 млрд. м3-ге), оның ішінде «Газпром» ЖАҚ-ның Ортаазиялық транзитінің көбеюінің есебінен, сондай-ақ газды экспортқа тасымалдаудың есебінен (4,5 млрд. м3-ге) тасымалдау көлемі 14,5%-ға (12,8 млрд. м3) артты.
Есептік жылы «Қазақстан-Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырларында 4 қуатты, жоғары технологиялы компрессорлық станцияны рекордтық қысқа мерзімдер ішінде іске қосу жүргізілді. «Бозой» және «Қараөзек» компрессорлық станцияларының пайдалануға енгізілуімен, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының жобалық қуаты 10 млрд. м3/жыл дейін жеткізілді, бұл маңызды міндеттерді шешуге – Қазақстанның оңтүстігіне және ҚХР-на экспортқа газ жеткізілімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасады.
«Қазақстан-Қытай» МГ «С» тармағының №1 және №3 компрессорлық станциялары пайдалануға енгізілді, осының арқасында өткізу қабілеттілігі 20 млрд.м3/жыл дейін жеткізілді.
«БГР-ТБА» МГ-нан «Қазақстан-Қытай» МГ-на 2 млрд м3 газа/жыл дейінгі көлемде газ беру мүмкіндігі бар «Ақыртөбе» сығу компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді.
2017 жылғы 2 қазанда Қожасай кен орнынан «Бухара-Урал» МГ КС-12 дейін магистральды газ құбыры пайдалануға берілді.
Газды магистральды тасымалдау жүйесін дамыту және жаңғырту бөлігінде келесідей маңызды оқиғалар болып өтті:
- 2017 жылдың 15 қазанынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ мен «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында қол қойылған шарттың аясында Қазақстан газын 5 млрд. м3 дейінгі көлемде ҚХР-на экспортқа жеткізу жүргізіледі.
- 2017 жылғы желтоқсанда «Бозой» жерасты газ қоймасында «Газ кептіру қондырғысы» пайдалануға енгізілді.
Өңірлерде газдандыруды кеңейту және газ тарататын желілерді жаңғырту бойынша жұмыс жалғасын тауып отыр.
- «Тараз қ. газ тарататын желілерді жаңғырту» жобасын іске асырудың аясында жобаның 1-ші кезегінің барлық бес іске қосу кешені пайдалануға берілді.
- 2017 жылы «Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарататын желілерді жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Жобаның аясында Ақтөбе облысының он елді мекені (Ырғыз ауданының Ырғыз а., Әйтеке би ауданының Комсомол а., Алға ауданының Богословка а., Хромтау ауданының Аққұдық а., Мұғалжар ауданының Алтынды к., Мұғалжар ауданының Еңбек а. және Талдысай а., Қарғалы ауданының Қосестек а., Мартук ауданының Жайсан а., Ойыл ауданының Ойыл а.) газдандырылды.
- 2017 жылғы 17 қарашада Байқоңыр қ. әлеуметтік нысандары Қазақстанның газбен жабдықтайтын жүйесіне алғаш рет қосылды. Байқоңыр қ. нысандарын Қазақстандық табиғи газға қосу үшін, «ҚазТрансГаз» АҚ барлық қажетті инфрақұрылым жасады.
- «Маңғыстау облысының елді мекендеріне газ тарататын станцияларды жаңғырту, қайта құрастыру және жаңадан салу» жобасын іске асыру аясында 2017 жылы 737,44 км газ құбыры, оның ішінде жоғары қысымды - 47,65 км, төмен қысымды - 306,14 км газ құбыры салынды. 6 автоматты газ таратқыш станция, 23 шкафтық газ таратқыш бекет, 28 газблокты бекет орнатылды. 11 нысан аяқталып, пайдалануға берілді. Қосымша жұмыстарды енгізу есебінен, жобаның іске асырылуын 2019 ж. қоса алған мерзімге дейін ұзарту жоспарланып отыр.
- 2015-2017 жж. кезеңінде Жобаның аясында аясында барлығы 4 автоматты газ таратқыш станция, 21 газблокты бекет, 16 газ реттегіш шкафтық бекет салынды, 504 км жаңа газ құбырлары тартылды, 720 км газ құбыры, 2 автоматты газ таратқыш станция, 15 газблокты және 17 газ реттегіш шкафтық бекет жаңғыртылды және қайта құрастырылды. 5 елді мекен (Бейнеу, Боранкөл, Батыр, Жарма, Басқұдық а.) газдандырылды.
- «Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру» жобасын іске асыру аясында 2017 ж. Қарабалық ауданының Тоғұзақ а., Денисов ауданының Алчановка а., Антоновка а. газдандырылды, Ворошиловка а., Қарабалық к., Боскөл а. одан әрі газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, Рудный қ. одан әрі газдандыру бойынша Жобаның аясында жоспарланған жұмыстар аяқталды.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның инновациялық-технологиялық сектордағы жобаларын іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
2017 жылғы 30 қарашада Ақтөбе қаласында қаланың бүкіл автокөлігін сығылған газбен (қысылған метанмен) қамтамасыз етуге қабілетті, автомобильге газ толтыратын жаңа компрессорлық станция (бұдан әрі- АГТЖКС) іске қосылды.
«Қарағанды көмір алабының көмір қатпарларының метанын шығару» инновациялық пилоттық жобасын іске асырудың аясында 5 барлау және 3 іздестіру-бағалау ұңғымасы бұрғыланды, жынысөзек үлгілері іріктеп алынып, АҚШ, ҚХР, Польша зертханаларында зерттелді. Ұңғымаларды қарқындату және зерттеушілік игеру жүргізілді; 3 тәжірибелік-өнеркәсіптік ұңғыма салу жүргізіліп жатыр.
2017 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС көзге түскен қызметшілерін марапаттай отырып, «Орталық Азия-Орталық» МГ-ның 50-жылдық мерейтойын мерекелеу өткізілді.
Қанат Құрманәлиев әлеуметтік мәселелерге жеке тоқтала кетті. Ол 2017 жылдың қорытындылары бойынша компания қызметшілеріне бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес әлеуметтік қолдау көрсетілгендігін атап өтті. Сауығуға материалдық көмектен өзге, қызметшілерге ерекше жағдайларда материалдық көмек көрсетілді; қызметшілерге әлеуметтік жәрдемақылар, өтемақылар мен кепілдіктер төленді, оның ішінде Қазақстан шегінде санаторий-курорттық емделуге, қызметшілердің балаларының сауықтыру лагерьдерінде дем алуына және т.с. ақы төленді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-да қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіндігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның жүргізіп отырған саясатының және тапсырыстарының аясында еңбек қорғау, денсаулық және экология саласында іс-шаралар жүргізілгендігі атап өтілді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры м.а. Қанат Құрманәлиев сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның барлық стратегиялық мақсаттарын іске асыруын жалғастыратындығын хабарлап, 2018 жылға негізгі міндеттер мен жоспарларды жария етті.