«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорыҚайрат Шәріпбаевтің басшылығыменҚазақстандық делегация Түрікменстанда өткен VI Халықаралық газ конгресіне қатысты.
Іс-шараға әлемнің 30 елінен, оның ішінде Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қытай, АҚШ, Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ, Иран, Индия, Пәкістан, Австралия, Малайзия, Сингапур, Уругвай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Украинадан 150-ден астам компанияның шамамен 400 өкілі қатысты. Талқыланған орталық тақырыптар - ауқымды энергетикалық ынтымақтастық және ауқымды энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері болды.
Конгресс шеңберінде «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Түрікменгаз» МК басшылығы арасында газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер өтті. Түрікмендік тарап өкілдері өзінің газын «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырымен Қазақстанға жеткізуге мүдделілік білдірді. «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының «Бейнеу-Бозой» желілік учаскесін салуды аяқтап қалғаны белгілі. «Бейнеу-Бозой» учаскесін пайдалануға бергеннен кейін Ресей мен Қытай бағытында түрікмен газының қосымша ресурстарын жеткізу мүмкіндігі пайда болады. Бұл «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ресурстық базасын кеңейтуге, экспорттық және транзиттік әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келіссөздер барысында тараптар үшінші нарықтарға ортаазиялық газды экспорттық жеткізу мәселелері жөніндегі екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттерін білдірді.