Алынған құжаттар өткен жылы желтоқсанда өткізілген сертификациялық аудиттің нәтижесі болды. AFNOR стандарттау жөніндегі францияның ұлттық органы және сертификаттау нарығындағы жетекші әлемдік ойыншылардың бірі болып табылады. Барлық негізгі әлемдік экономикалық орталықтарда өкілдіктері бар, олар менеджмент жүйесін сертификаттау және техникалық сараптама саласында қызметтердің бірыңғай жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Олардың сарапшыларымен 60 елде 30 мыңнан астам компаниялар сертификатталды. EFQM компанияларды басқару жүйесінің сапасы мен жетілдіргені үшін еуропалық марапаттау табыстауға жыл сайынғы конкурсты дайындау мен жүргізуді жүзеге асыратын Еуропалық Одақтың жалғыз ресми ұйымы болып табылады.
«Сапа мен Инновациялық менеджмент Қазақстандық Ұйымы» БҰ Президенті Азат Әбдірахманов сертификаттарды табыстай отырып, бұл Қазақстандық өнеркәсіптік компаниялар үшін маңызды оқиға екенін айтып өтті.
«Осы құжаттар Ұлттық газ операторы компаниялар тобы қол жеткізген нәтижелердің жоғары бағасы, - деді Азат Әбдірахманов. – ҚазТрансГаз бүгінгі күні сапаны қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұтынушылардың сұрауларын қанағаттандыру саласындағы көшбасшылардың бірі».
«ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Амангелді Газ» ЖШС және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС алған менеджмент жүйесінің мемлекеттік және халықаралық сертификаттары көрсетілетін қызметтер нарығында Ұлттық операторға көрсетілетін қызметтер нарығындағы рейтингін барынша көтеруге мүмкіндік береді. Алынған сертификаттар халықаралық деңгейді және «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының беделін және олардың кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығын растайды.
"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын, өткізетін және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі
тел: +7 (7172) -55 23 16