Тағы бір маңызды оқиға аталған кен орнында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін газ конденсатын химиялық талдауға арналған жаңа зертхананың ашылуы болды. Бұл жоба «ҚазТрансГаз» АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» стратегиялық жоспары шеңберінде іске асырылды.

Бұдан басқа «Амангелді газ» ЖШС Айрақты кен орнынан Амангелді кен орнында орналасқан газды дайындау пунктіне (ГДП) дейін газ тасымалдауға арналған ұзындығы 24 шақырымдық «Айрақты-Жарқұм» өндіріс ішілік газ құбырын салуды аяқтады. Айрақты газ кен орнын келесі жылы тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған.

Объектілерді пайдалануға енгізудің салтанатты рәсімінде сөз алған «Амангелді газ» ЖШС бас директоры Қанат Құрманалиев ҚазТрансГаз компаниясы заманауи технологияларды пайдалану арқылы Амангелді кен орындары тобында газ бен газ конденсатын өндіруді жыл сайын ұлғайтып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл Қазақстанның импорттық көгілдір отыннан бас тартуына және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосылған зор үлес.

Салтанатты шараға газ саласының ардагерлері де шақырылды. «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» ҚБ Жамбыл филиалының директоры Александр Федорович былай деді: «Мен отандық газ саласында 40 жылдан астам уақыт қызмет еттім және өзіндік ресурстық базаны кеңейтудің қаншалықты маңызды екенін білемін. Сонау 2001 жылы осы газ кен орындарының игерілу барысына куә болғанмын. Сол кезде Қайрат Шәріпбаев пен тағы бірнеше белгілі газ мамандарының алғашқы қадамдарын, олардың қосқан үлесін көзіммен көрдім. Енді, міне, 15 жылдан кейін, отандық газ саласының басшылық қызметін атқара жүріп, оның Амангельді кен орнын дамытуға күш салып отырғанына куә болып тұрмыз. Осы арқылы Ұлттық оператордың ресурстық базасы ұлғайып, Тәуелсіз еліміздің қуаты да артады деп ойлаймын».

АНЫҚТАМА: 2003 жылдың 23 қазанында пайдалануға енгізілген Амангелді газконденсатты кен орны оңтүстік өңірдегі газ тапшылығын жоюға едеуір үлес қосты. Пайдалануға берілген сәттен бастап Амангелді кен орнында өндірілген табиғи газдың көлемі 4 млрд. текше метрге жетті. Өндірілген газ конденсатының көлемі - 300 мың тонна. 

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз-қызметі
Тел: +7 (7172) 55 23 16