Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша және негізгі көрсеткіштер есебімен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов сөз сөйледі. Ол негізінен Ұлттық газ операторының бүкіл жұмысы процесінде оң динамика бар екенін атап өтті.
Осылайша, магистральдық газ тасымалдау 54 877 млн. м3 құрады, оның ішінде ішкі тасымалдау 9 828 млн. м3, газды экспортқа тасымалдау 12 700 млн. м3. Халықаралық газ транзиті 32 349 млн. м3 құрады, газ өткізу 12 000 млн. м3. Бұл ретте 204 млн. м3 табиғи газ және 11 мың тонна газ конденсаты өндірілді.
Рустам Сулейманов есепті кезеңнің қаржылық жағдайларына жеке тоқталып өтті. Ол 2018 жылғы 11 шілдеде «Fitch Ratings» халықаралық агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ-ның және оның 100%-дық еншілес компаниялары «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде, рейтингтері бойынша «тұрақты» деген болжам айтып растады.
Ол 2017 жылғы 26 қыркүйекте «ҚазТрансГаз» АҚ АҚШ долларында деноминирленген, $750 млн. жалпы номиналды көлемімен Ирландия қор биржасындағы ("ISE") және Қазақстан Қор Биржасындағы ("KASE") листингпен, 4,4% табыс мөлшерлемесі бойынша 10 жылдық айналымда болу мерзімімен еврооблигациялардың табысты орналастырылғандығы туралы атап өтті. Осы жылдың сәуір айының өзінде компания «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ-нда үш компрессорлық станция салу» жобасын қаржыландыру үшін 200 млн. АҚШ долл. мөлшерінде синдикатталған қарыз тартты.
Ең негізгі оқиғалардан Бас директор қазақстандық газды Қытайға жылына 10 млрд текше м. көлемінде экспорттауды ұлғайту туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен PetroChina арасында қол жеткізілген уағдаластық туралы мәселеге жеке тоқталып өтті. Ол сондай-ақ қазақстандық газды Қытайға экспорттау үшін газ құбырының өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ-нда үш компрессорлық станция салу» жобасын іске асыруға кіріскендігі туралы айтып өтті.
Бүгінгі таңда, 2018 жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде айтылған бес әлеуметтік бастаманы іске асыру жөніндегі тапсырманы орындау шеңберінде, «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша «Сары-Арқа» МГҚ құрылысының 1-ші кезеңіне арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды.
Рустам Сулейманов «ҚазТрансГаз» АҚ-ның блокчейн – технологиясын енгізуді бастағаны туралы да айтып өтті. Бірінші кезекте олар газ тасымалдау инфрақұрылымын мониторингтеу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу үшін және газ есептегіш құралдарына бақылау жасау үшін пайдаланылатын болады.
Компания магистральдық газ тасымалдау жүйесін дамыту және жаңғырту бөлігінде және өңірлерді газдандыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Инновациялық-технологиялық секторда жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Өткен қараша айында жаңа автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы іске қосылды, ол қаладағы барлық автокөлікті компримирленген (сығымдалған метан) газбен қамтамасыз етуге қабілетті. Есепті кезеңде 25 839 м3 компримирленген табиғи газ сатылған. Бүгінгі күні Ақтөбедегі АГТКС-те 70 автобус, 4 жеке бірлік, Серіктестіктің меншікті көлік құралдарының 14 бірлігі және транзиттік көліктер газ құяды.
Рустам Сулейманов компаниялар тобында жүргізетін әлеуметтік саясат туралы жеке әңгімеледі. Оның айтуынша, бірінші жарты жылдықта компания қызметкерлеріне бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес әлеуметтік қолдау көрсетілді. «ҚазТрансГаз» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше назар аударылатыны аталып өтті, ол компанияға өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша алдыңғы қатарда болуға мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша компанияның стратегиялық мақсаттарын іске асыруды жалғастыратынын атап өтіп, екінші жарты жылдықтағы негізгі міндеттерді белгіледі.