2014 жылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 54,170 млрд.м3 (өткен жылдың ұқсас кезеңі - 54,754 млрд.м3) құрады, оның ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары арқылы 45,418 млрд.м3 (46,852 млрд.м3 – 2013 ж. 6 айы) құрады, оның ішінде халықаралық транзит көлемі – 33,564 млрд. м3, ішкі тасымалдау бойынша газ көлемі – 6,329 млрд. м3, экспортқа газ тасымалдау көлемі – 5,525 млрд.м3.

«Азиялық Газ құбыры» ЖШС «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры арқылы 7,319 млрд.м3 (ҚТГ-ның үлесі - 50%) (6,802 млрд.м3 – 2013 ж. 6 айы) мөлшеріндегі көлемді тасымалдады. 2014 жылға тасымалдау көлемі 111,859 млрд. м3 мөлшерінде көзделген. «ҚазТрансГаз» АҚ бірінші тоқсанда 6,834 млрд. м3 газ өткізді (өткен жылдың ұқсас кезеңі – 6,420 млрд.м3). «Амангелді Газ» ЖШС («ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) 159,911 млн. м3 газ және 10,101 мың тонна газ конденсатын (2013 ж. 6 айы - 160,71 млн.м3 газ және 11,29 мың тонна газ конденсаты) өндірді.

Демеушілік қайырымдылық көмек

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазТрансГаз» АҚ жалпы сомасы барлығы 297 млн. 669 мың теңгеге демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілді («ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы бойынша шоғырландырылған сома 332 млн. 930 мың теңгені құрады). Өткен жылдың дәл осы кезеңінде жалпы сомасы
57 млн. 724 мың теңгеге (шоғырландырылған сома – 188 млн. 359 мың теңге) демеушілік көмек көрсетті.

Сатып алудағы қазақстандық қамту

ҚТГ компаниялар тобы бойынша сатып алудың жалпы көлемі 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 141,4 млрд. теңгені (2013 ж. 1-ші жартыжылдығы - 176,2 млрд.теңге) құрады, оның ішінде: 78,4 млрд. теңге сомасына тауарлар, 34,6 млрд. теңгеге - жұмыстар, 23,2 млрд. теңгеге - қызметтер сатып алуға шарттар жасалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде тауарлар - 103,8 млрд. теңге, жұмыстар – 43,7 млрд. теңге, қызметтер – 28,7 млрд. теңге сомасына сатып алынды. 

Сатып алудың жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі 122,5 млрд. теңгені немесе 87%-ды құрады, оның ішінде сатып алынған тауарлар бойынша - 95 %, орындалған жұмыстар бойынша - 60 % және көрсетілген қызметтер бойынша - 95 %.

«ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру үшін құрылған және газды барлау, өндіру, тасымалдау және тарату кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалған. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Баспасөз қызметі

АО «КазТрансГаз»

Тел: 8-(7172)-55 2946

[email protected]