2014 жылдың бірінші тоқсанында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 28,329 млрд.м3 (өткен жылдың ұқсас кезеңі-
27,66 млрд.м3) құрады, оның ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары арқылы23,993 млрд.м3 (23,080 млрд.м3 – 2013 ж. 1-тоқсан) құрады, оның ішінде халықаралық транзит көлемі - 17,067 млрд. м3, ішкі тасымалдау бойынша газ көлемі - 4,544 млрд. м3, экспортқа газ тасымалдау көлемі - 2,382 млрд.м3.
«Азиялық Газ құбыры» ЖШС «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры арқылы
3,44 млрд.м3 (2013 ж. 1-тоқсан- 3,524 млрд.м3) мөлшеріндегі көлемді тасымалдады.
2014 жылға тасымалдау көлемі 113,898 млрд. м3 мөлшерінде көзделген.
«ҚазТрансГаз» АҚ бірінші тоқсанда 4,293 млрд. м3 газ өткізді (өткен жылдың ұқсас кезеңі – 4,645 млрд.м3). «Амангелді Газ» ЖШС («ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) 83,466 млн. м3 газ және 5,215 мың тонна газ конденсатын (2013 ж. 1-тоқсан - 84 млн.м3 газ және 6 мың тонна газ конденсаты) өндірді.
Демеушілік қайырымдылық көмек
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «ҚазТрансГаз» АҚ жалпы сомасы барлығы
216 млн. 600 мың теңгеге, өткен жылдың дәл осы кезеңінде жалпы сомасы
31 млн. 200 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетті.
Сатып алудағы қазақстандық қамту
ҚТГ компаниялар тобы бойынша сатып алудың жалпы көлемі 2014 жылдың бірінші тоқсанында 92,8млрд. теңгені (2013 ж. 1-тоқсан - 152,3 млрд.теңге) құрады, оның ішінде тауарлар - 52,1 млрд.теңге сомасына,жұмыстар– 17,5 млрд.теңгеге, қызметтер –
23,2 млрд.теңгегесатып алынды (өткен жылдың ұқсас кезеңінде тауарлар - 122,9 млрд.теңге, жұмыстар - 11,4 млрд.теңге, қызметтер - 18 млрд.теңге).
Сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі 84,5 млрд. теңгенінемесе91%-ды құрады, оның ішінде сатып алынған тауарлар бойынша - 96 %, орындалған жұмыстар бойынша - 69,6 % және көрсетілген қызметтер бойынша - 95 %.
«ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру үшін құрылған және газды барлау, өндіру, тасымалдау және тарату кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалған. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: 8-(7172)-55 23 16