Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйелерді біріктіруге және қысқа мерзімде «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры өз сөзінде былай деп атап өтті: «Ашылып отырған ХҚКО клиенттер үшін газдандыру қызметтерін алу рәсімін оңайлатып қана қоймай, ҚазТрансГаз Аймақ компаниясының өзінің де қажетті ақпарат жинауына көмектеседі. Барлық бизнес-процестер оңтайландырылғандықтан, газдандыру бойынша статистиканы, тұрғындарды мазалайтын сұрақтар немесе туындаған проблемалар жөнінде ақпаратты алу жеңілдеді. Демек, туындайтын мәселелерді анағұрлым жедел шешуге мүмкіндік туады. Бұл біздің тұтынушылар үшін де, ҚазТрансГаз Аймақ үшін де өте пайдалы».
Жаңа орталықта мынадай қызметтер алуға болады:
- техникалық шарттар беруге өтініш тапсыру және әзірленген техникалық шарттарды алу;
- газбен жабдықтау жобасын әзірлеуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға шарт жасасу;
- газбен жабдықтау жобаларын келісуге тапсыру;
- көрсетілген қызметтерге шот-фактуралар алу;
- газбен жабдықтауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер алу;
- биллингтік компания көрсететін қызметтерді алу.
Бұл ХҚКО атқаратын жұмыстардың кіші-гірім тізбесі ғана. Бұрын қызметтердің көпшілік бөлігін Қостанай газ шаруашылығының ғимаратынан ғана алуға болатын. Алайда, қашықта орналасуы, компьютерленген жүйенің жоқтығы қалалықтарға белгілі бір қиындықтар тудырып келді. Жаңа орталық қаланың орталық бөлігінде орналасқан, электрондық кезекке тұру жүйесімен және толық жабдықталған күту залымен, автотұрақпен жарақтандырылған. Бүгінгі таңда Қостанай өңірінде компанияның қызметін 160 мыңнан астам абонент тұтынады.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: 8 (7172)-55 23 16, 55-29-46