Қазіргі уақытта магистральдық газ құбырының техникалық жай-күйі және Қырғыз Республикасының аумағындағы «Сокулук» компрессорлық станциясындағы (КС) газ айдау агрегаттары БГА-ТБА МГҚ-ның өткізу қабілеттерін шектеп отыр. Осы учаскедегі газ құбырының өткізу қабілеті бар-жоғы сағатына 250 мың м3 құрайды, ол газға деген қажеттілік тұтынудың ең шекті кезеңінде шамамен сағатына 450 мың м3 құрайтын серпінді дамып отырған Алматы қ. мен Алматы облысының қажетілігін қанағаттандырмайды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар іс-шаралар тізбесін әзірлеуге және МГҚ өткізу қабілетін арттыру жөнінде жұмыстарды орындау мерзімдерін белгілеуге келісті. Атап айтқанда, тексеру нәтижелері бойынша «Газпром Кыргызстан» ААҚ өткізу қабілетін сағатына 450 мың м3 дейін арттыру мақсатында магистральдық газ құбырының учаскесін жөндеу және «Сокулук» КС-ын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы - «Сокулук» КС учаскесінде ұзындығы 62 шақырымды құрайтын жаңа газ құбырын салу мүмкіндігі де қарастырылуда.

Жобаны іске асыру екі тараптың да мүдделеріне жауап береді және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді. «Газпром» ААҚ үшін жоғарыда көрсетілген жоба осы елдің газбен жабдықтаудың Бас сызбасын іске асыру шеңберінде Қырғызстан тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

"ҚазТрансГаз" АҚ-ның

Баспасөз-қызметі

Тел: 8-7172-552316

{vsig}03.03{/vsig}