Меморандум шеңберінде «ҚазТрансГаз» АҚ қуаты сағатына 120 мың м3 болатын «Жаркент» автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) мен «Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбырынан АГТС-ке дейін жеткізуіш газ құбырының құрылысын жүргізді. «APL Construction» ЖШС жобаны әзірлеу мен газ тасымалдау жүйелерін салуға, сондай-ақ жүйеге тұтынушыларды қосуға қажет инвестиция құюды өз мойнына алды. Тараптар осындай ынтымақтастық жасасу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматының сәтті жобасына айналып отырғанын атап өтті.
Қолданысқа беріліп отырған «Жаркент» АГТС-і мен газ құбырлары аудан орталығының 40 мыңнан астам тұрғыны мен 160 өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынды газбен жабдықтауға арналған. Енді табиғи газ «Қорғас – Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағына да жетпек.
Жүзеге асырылып отырған жобалар болашақта Алматы облысы Панфилов ауданының Үшарал, Шолақай округтары мен өзге де елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік жасайды.
Газ саласындағы газшы ардагер, республикалық ардагерлер Кеңесінің Алматы филиалының директоры Сұлтанғали Имажанов былай деп атап өтті: «Газдың келуін талай жылдар бойы күткен қарттар мен әйелдердің қуанышты жүздерін көру қуантарлық жәйт. Бұл дегеніміз азаматтардың әлеуметтік көңіл- күйлерін көтереді. Жалпы алғанда, ҚазТрансГаз тарапынан облыстарды газдандыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығын көрсетеді. Оған Жаркент мысал болмақ, ол мұнай-газ кен орындарынан шалғайда жатқан елді мекен және газдың келуімен ауданның дамуына жаңа серпін берілді. Осы жоба шағын және орта бизнесті, өнеркәсіпті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын да құруға ықпал ететіні сөзсіз».
Газдандырудың бас схемасына сай, Алматы облысының жалпы саны 900 мың тұрғыны бар 228 елді мекенін газдандыру жоспарланып отыр.
ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобына газ өндіретін және оның өнімдерін тасымалдап, жеткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі тел: 8(7172) 55 23 16