«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС – Қазақстан мен Қытайдың тең қатысу үлесімен Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдық газ құбырын салу үшін құрылған компания.
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-ын бұрын Қытай тарапының өкілі басқарған болатын.
2016 жылғы 28 наурызда Бас директор (Басқарма төрағасы) болып Қазақстан тарапының өкілі – бұрын «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған Естай Серік тағайындалды.
Қытай тарапының өкілі, Wang Lijun (Ван Лицзюнь), Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі болды.
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі болып Санжар Болатбекұлы Шабдыкәрімов тағайындалды.
Бас директор (Басқарма төрағасы) Liu Zhihua (Лю Джихуаның), Бас директордың бірінші орынбасары Олжас Тілеуғалиұлы Түсіпбековтің, Бас директордың орынбасары – бас бухгалтер Нұрлан Заманбекұлы Аханзариповтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның
Баспасөз қызметі Тел: +7 (7172) 55 23 16