«БШГҚ» - Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited компаниясының газ құбыры арқылы «ҚазТрансГаз» АҚ мен CNPC Қытай мұнай-газ корпорациясы арасында 50/50 басқару құқығындағы бірлескен кәсіпорын. Бұл орайда, Fitch Ratings рейтингтік агенттігі, БШГҚ-ның үстінен жасалатын кең ауқымды операциялық және қаржылық бақылауды қазақстандық газ операторы жүзеге асырады деп санайды.
БШГҚ-ға берілген рейтингтер, компания мен фирмааралық қарыздар мен кепілдер арқылы үлкен қаржылық қолдау көрсететін оның тікелей бас компаниясы «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы мықты байланыс туралы Fitch-тің пікірін білдіреді.
Бұдан басқа, Fitch атап өткендей, БШГҚ мықты позицияда, ол Қытайға газды экспортқа жіберетін және өзінің меншік газын оңтүстік өңірлерге жеткізетін Қазақстандағы жалғыз маршрут иесі.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры Тәуелсіз Қазақстан іске асырған қазақстандық газ саласының ең ірі жобаларының бірі болып табылады және оның «стратегиялық ұлттық құндылық» мәртебесі бар.
Fitch агенттігінің ақпараты бойынша, бұл жекешелендіруге келгенде шектеулерге әкеп соқтырады, ал табиғи монополия иесі бола отырып, БШГҚ қызметі мемлекеттік мониторинг пен бақылауға түседі. Бұл кәсіпорынды құбыржолын салу үшін пайдаланылған қарызды толық өтегенге дейін корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босатуға құқық береді.
"ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16