Азаматтық
Қазақстан Республикасы
Білімі

Мұнай инженериясы ғылымдарының магистрі атағын Imperial College London иеленген;  

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ мұнай-газ ісі бойынша аяқтаған. 

Еңбек өтілі

Мұнай және газ кен орындарын дамыту, активтерді және капиталды жобаларды басқару және цифрлық трансформация саласында 20-жылдық халықаралық тәжірибесі бар. 

Еңбек жолын Қожасай кен орнында өндіру операторы ретінде бастаған. 

Kuwait Energy Company (Кувейт), Statoil (Норвегия) және Shell компанияларында жұмыс істеген. Норвегиялық теңіз, Мысыр, Йемен және ТМД елдерінде жүзеге асырылған жобаларға қатысты. Соңғы 12 жылда Shell компаниясында түрлі қызметте жұмыс істеді. Атап айтсақ, Гронинген мен газды жерасты сақтау жобаларында (Нидерланды), Қарашығанақ және Қашаған белсенді қызмет атқарды.