Бүгін Астанада қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, серіктестер газ тасымалдау саласында энергия тиімділігін арттыруға арналған мүмкіндіктерді бірге қарастыруға келісті. Энергияны тиімді әрі ұқыпты пайдалану және ысырапты азайту энергиямен қамтасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылыжайлық газ бөлінуін азайтуға көмектеседі. Меморандумға ЕҚДБ-нің бірінше вице-президенті Фил Беннетт және ҚазТрансГаз АҚ-ның Бас директоры Рустам Сулейманов қол қойды.
Сонымен қатар, республикадағы газ тасылмалдаушы және газбен жабдықтаушы негізгі компания болып табылатын ҚазТрансГаз ЕҚДБ-мен бірге энергия тиімділігін газ компрессорлық станцияларда, газ тасымалдау желілерінде, мониторинг жүйесінде, жылыстауды бақылауда, SCADA жүйесінде жаңғырту және арттыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Меморандумға қол қою климаттың өзгеруі бойынша келесі COP22 конференциясымен жалғасады. Парижде өткен алдыңғы тарихи конференцияның нәтижесі бойынша Қазақстан көмірқышқыл газын шығару деңгейін төмендетуге және энергияны тұрақты пайдалануды әрі қарай дамытуға келісті. ЕҚДБ Қазақстандағы күн мен жел энергиясы жобаларын, энергия тиімділігі саласының жобаларын қаржыландыру, жаңартылатын көздерден генерацияны реттейтін заңнамаларды енгізуге көмектесу арқылы «жасыл экономиканы» қалыстастыру бастамасын қолдауды жалғастырады.
«Меморандумға қол қою арқылы еліміздің өңірлерін газдандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, энергия тиімділігін арттыруға, сондай-ақ «жасыл экономикаға» байланысты басқа да жобаларды іске асыруға бізге мүмкіндік береді. Жетекші халықаралық қаржы институты ретінде, ЕҚДБ Астана қаласын газдандыру және Қарағанды облысындағы көмір қабаттарынан метан өндіру сияқты Республика үшін ірі және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға көмек көрсетеді деп үміттенеміз» - деп атап өтті Рустам Сулейманов.
«ҚазТрансГаз» АҚ
Баспасөз-қызметі
+7(7172) 55 23 16