Елімізде су тасқынының салдарын жою іс-шаралары жүргізілуде. «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері газ нысандарында апаттық жағдайлардың алдын алып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай күрделірек. Өңірлердегі QazaqGaz қызметкерлері апаттық-құтқару және тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізуде. Сонымен қатар, тасқыннан зардап шеккен өңірлерде QazaqGaz қызметкерлері еріктілер тобын құрды. Белсенділер өз қаражаттары есебінен қажетті азық-түлік пен ыстық ас сатып алынды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлері өз күштерімен Ақтөбе облысы, Ойыл ауданына гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Орал филиалы Теректі, Жаңақала аудандары мен Подстепное ауылына тасқынның салдарын жоюға әрі оған қарсы тұруға бағытталған арнайы техника жіберді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» МГҚБ газ тарату станциялары операторларының жүйелі жұмысының арқасында, Ақтөбе облысының Мұғалжар, Ойыл, Шалқар, Ырғыз аудандарына үздіксіз газ берілді. Қызметкерлер газ тарату станцияларының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етті.
29 және 30 наурызда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе филиалының қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлеріне, әскери және полиция қызметкерлеріне 350 порциядан астам ыстық тамақ берді. Шығанақ Берсиев атындағы ауылға 150 порция ыстық тамақ, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті тауарлар жөнелтілді.
Сондай-ақ, «QazaqGaz Өнімдері» ЖШС өндірістік филиалдарынан 34 бірлік техника тасқынға қарсы жұмыстарға жұмылдырылған. Оның ішінде экскаваторлар, тиегіштер, бульдозерлер, тралдар және тракторлар.
Сонымен қатар, «QazaqGaz Jastary» жастар кеңесі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақы көлемінде қаражат аударуды қолға алды. Айта кету керек, «QazaqGaz» ҰК» АҚ да өз қаражаты есебінен су басқан өңірлердегі газ тарату желілерін қалпына келтіреді.
Бұған дейін QazaqGaz компаниялар тобы көктемгі су тасқыны кезеңінде газ нысандары мен жабдықтарын пайдалануға дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген болатын.
Атап айтқанда, 1 наурыздан бастап технологиялық құбырлардың, агрегаттардың, қондырғылардың, кран қондырғыларының, ғимараттар мен құрылыстар тіректері іргетасының жай-күйі бақылауда.
Сондай-ақ, су тасқынының ықтимал зардаптарын жою үшін жедел топтар жасақталып, төтенше жағдайларға арналған арнайы техниканың дайындығы қамтамасыз етіліп, тәулік бойы кезекшілік қамтамасыз етілді.
Газбен жабдықтауға байланысты төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін тәулік бойы шұғыл диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.
Абоненттер жедел көмек пен кеңес алу үшін 104 нөміріне қоңырау шала алады.
Өңірлердегі су тасқыны жағдайы түзелгеннен кейін газ беруді қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады.