Бұл рәсімге жас қызметкерлер, жоғары оқу орындарын тәмамдаған соң газ саласына келіп «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясының 12 өңірдегі филиалдары мен еншілес кәсіпорындарына жұмысқа қабылданған мамандар қатысты. Мереке қарсаңында жұмысқа қабылданған жас мамандардың жалпы саны 145 адамды құрады. Олардың арасында – техниктер мен механиктер, газды өткізу және жабдықтау режимі қызметінің инженерлері, авариялық қызметтің диспетчерлері және газ тарату станцияларының операторлары бар.
«Амангелді Газ» ЖШС-нің 3-разрядты слесарь-жөндеушісі болып жұмыс істейтін жас маман Әлкен Қуаныш балалық шағындағы бір арманы орындалғанын айтады. «Әрқашан нақты өндірісте жұмыс істегім келген. Мектепте жүргенде еңбек кабинетінде жұмыс істегенді жақсы көретінмін, әртүрлі станоктардың қалай жұмыс істейтінін зерттейтінмін. Техникалық әдебиеттерді көп оқыдым. Бұрын бұл - іске аспайтын арманым сияқты еді, енді міне газшы болдым. Біздің вахталық кент елді мекендерден алыс, құм далада орналасқан. Бірақ онда өмір қашанда қызу жүріп жатыр, онда нағыз кәсіпқойлар еңбек етеді, олар маған болашақта сұранысқа ие, жоғары білікті маман болуыма көмектеседі деп үміттенемін», - дейді Әлкен Қуаныш.
Нұр-Сұлтанда газ қызметкерлерінің қатарын 16 жас маман толықтырды. Жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру аясында ашылған елордалық филиал үшін бұл нағыз оқиға болды.
Астана филиалының жөндеу-пайдалану учаскесінің бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика қызметінің бастығы Дастан Байтұрсынның айтуынша, қазір газ саласы қызметкерлерінің өте жауапты кезеңі. «Біз Нұр-Сұлтандағы барлық газбен жабдықтау жүйелерін жылыту маусымына дайындап жатырмыз және жаңа тұтынушыларды қосуды жалғастырамыз. Өткен маусымда астаналық «Железнодорожный», «Көктал-2» тұрғын алаптарының, сондай-ақ «Агроқалашық» елді мекенінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Қазір «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тапсырысы бойынша «Интернациональный», «Мичурино» және «Күйгенжар» тұрғын алаптарында 2-кезектегі желілерді төсеу жүргізілуде», - деп хабарлады Дастан Байтұрсын.
Ұлттық газ операторының компаниялар тобында жас мамандарға ерекше көңіл бөлінеді. Біліктілікті арттыру үшін жыл сайын оқытудың түрлі нұсқалары мен нысандары ұсынылады. Тұрақты негізде кәсіби шеберлік конкурстары, спорттағы және көркемөнерпаздар жарыстары ұйымдастырылады. Барлық өңірлерде Жастар ісі жөніндегі кеңес белсенді жұмыс істейді. Өйткені, жаңадан келген қызметкерлердің жұмысының тиімділігі, алғашқы кезеңдерде мамандықтағы қалыптасуы көбіне кәсіпқойлардың оларға деген қалыптасқан көзқарасына, олардың тәлімгер болуға, қолдау көрсетуге, дағдыларымен және жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге дайындығына байланысты.
Газ саласының қызметкерлері Жастар қанатының жетекшісі Мәди Сандыбайдың айтуынша, газ шаруашылығының маманы болу – бұл үлкен жауапкершілік. «Мұнай-газ кешеніндегі жұмыс адамға, әсіресе маманға жоғары талаптар қояды. Жоғары кәсібилік пен техникалық дағдылар қажет. Қазақстандықтардың үйлеріндегі жылу мен жайлылық, көптеген кәсіпорындар мен өндірістердің қызметі біздің жұмысымызға байланысты. Сонымен қатар, қазір газ саласы белсенді түрде цифрландырылуда, инновациялық технологиялар енгізілуде. Сондықтан қазіргі заманғы технологияларды білетін жаңа талапты мамандардың қатарымызға қосылғаны өт маңызды», - дейді Мәди Сандыбай.
Жалпы алғанда, ҚазТрансГаз Қазақстандағы жалпы ұзындығы 20 мың км-ден астам магистральдық газ құбырларының және ұзындығы 56 мың км-ден астам газ тарату желілерінің ірі желісін басқарады. Бұл үлкен шаруашылықтың барлығы тәулік бойы, ыстықта және суықта, пандемияның қиын жағдайында, үздіксіз және ең бастысы қауіпсіз жұмыс істейді!
Сондықтан газшылар мен мұнайшылардың қажырлы еңбегі әрқашан лайықты құрметке ие болған. Қазақстанның Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Ұлттық оператордың компаниялар тобының 708-ден астам қызметкері Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және KAZENERGY қауымдастығының ведомстволық наградалары, медальдары мен Құрмет грамоталарын алды. Дәстүр бойынша марапаттардың басым бөлігі өндірістік филиал қызметкерлеріне табысталды.
Кәсіби мереке қарсаңында еңбегі сіңген қызметкерлер, еңбегі еліміздің газ саласының бүгінгі жетістіктерінің іргетасына айналған ардагерлерге 120-дан астам награда тапсырылды.
«ҚазТрансГаз» АҚ мұнай-газ кешенінің барша қызметкерлерін төл мерекемен құттықтайды! Газ саласының қызметкерлері елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып, бұл қызметті абыроймен жалғастыратындарына нық сенім білдіреді.