Іс-шараны өткізудің мақсаты өзінің мансап жолында жарқын кәсіби қасиеттерімен және жетістіктерімен ерекшеленген ең дарынды әйел қызметкерлерді анықтау және марапаттау болды.
Барлық қиын да күрделі іріктеу процесі бірнеше кезеңге бөлініп, шамамен бір айға созылды. Алдымен өз жұмысында ерекшеленген 55 үздік қызметкер таңдалды. Одан кейін викториналық сауал жүргізіліп, ең білімді 36 қатысушы анықталды. Соңғы кезең онлайн-дауыс беру болды, оның қорытындысы бойынша Қордың портфельдік компанияларының ең үздік 11 өкілі қалды.
Марапаттау рәсімінде «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова атап өткендей, Қор басшылығы әйелдердің мансаптық өсуі мен әлеуетін арттыру үшін барлық жағдайларды жасайды. «Көктем шуағы» байқауы біздің қызметкерлердің маңдай тері мен еңбегін мойындаудың бір мысалы болып табылады, өйткені персоналдың жалпы санындағы әйелдердің үлесі 28%-ды және 83 мыңнан астам адамды құрайды», – деді Ләззат Боранқұлова.
Конкурс көшбасшыларының бірі болған Гүлмира Ибрагимова «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да тура 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бұл «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы. Бұған дейін Ресей Мемлекеттік аграрлық университеті жанындағы Механика және энергетика институтын бітірген. Жеңімпаздың айтуынша, инженер-электрик мамандығы отбасылық дәстүр болып табылады.
Гүлмира Ибрагимованың міндетіне магистральдық газ құбырларын жерасты коррозиясынан тиімді қорғауды ұйымдастыру кіреді. «Менің ойымша, бұл ер адамның жұмысы. Бірақ қазіргі әлемде әйелдер әрдайым нағыз ер адамдыкі болып саналатын көптеген салаларда жұмыс істейді. Егер де сен өз күшіңе сенімді болсаң, тиімді болуыңа, өз міндеттеріңе толықтай жауап беруіңе және өз жеке басыңның ең мықты жақтарын қолдануыңа болады, онда сенің алдыңда барлық жолдар, кез келген мамандықтар ашық!» – деп сендірді Гүлмира Ибрагимова.