Жыл сайын конкурс жаңа форматта өтеді, осы жылы да Астана қаласында орналасқан «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлерінен жасақталған - қыздар командасы «Гүлдер Ай» мен жігіттер командасы «Самұрық Сарбаздары» сайысқа түсті. Қатысушылар тапсырманы үш түрлі сынақ бойынша орындады: капитандардың дәстүрлі сайысы, «Не? Қайда? Қашан?» білгірлер ойыны форматында, онда командалар Қазақстан, Астана, газ саласы, тіл және әдебиет пен тарихқа қатысты сұрақтарға жауап берді. Конкурс «Астана: кеше, бүгін, ертең» деген шығармашылық турмен аяқталды.
Барлық қатысушылар қазақ тілі, халықтар дәстүрі, Тәуелсіз Қазақстан тарихы, елордамыз Астананың тарихы туралы білім-біліктерін көрсетті. Өздерінің музыкалық және актерлік шеберліктерін де паш етті. Конкурстың негізгі мақсаты – бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны игеру мен қолдану аясын кеңейтуге қоғамның қызығушылығын арттыру; қазақ халқының тіліне, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарауға баулу.