Қайрат Шәріпбаев Тәуелсіздік Күні – еліміздің ең басты, ең құнды мерекесі екенін атап өтті. Дербес, өркендеген және мықты мемлекет құру үшін біздің халқымыз ұзақ та қиын жолдан өтті. Бүгінде Қазақстанды ТМД елдері арасындағы даму көрсеткіші бойынша алдыңғы орында тұрған ел ретінде таниды және бұл жетістік - қазақстандықтарды жұмылдыра отырып, азаматтардың даму мен әл-ауқатын арттыруға жағдай жасай білген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еселі еңбегі.

Қайрат Шәріпбаев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы атынан табысты, тиімді жұмыс үшін газшыларға алғысын білдірді. Марапаттар табыстай отырып, ол осы жылы газ саласы қызметкерлері еңбек жетістіктерімен және елеулі көрсеткіштермен осы күнді қарсы алып отырғанын атап айтты.  

Өз сөзінде ол: «Біз Қазақстанды дамыту үшін өз еңбегіміз арқылы сенімді база қамтамасыз ететіндігімізбен мақтанамыз. 10 айдың қорытындылары бойынша негізгі өндірістік көрсеткіштер орындалды. Рекордтық қысқа уақытта бірқатар газ жобалары сәтті іске асырылды. Біз 4 жаңа, қуатты компрессорлық станцияны іске қостық: «Бозой» КС, «Қараөзек» КС, «Қазақстан-Қытай» газ құбырының КС-1 және КС-3 нысандары.  Мемлекет басшысының қатысуымен біз екәі бірдей жобаны іске қостық. Біріншісі – Ақтөбе қаласында салынған Қазақстандағы ең қуатты АГТС-300. Екіншісі – «Бозой» жер асты газ сақтау қоймасындағы «Газ құрғату қондырғысы».

Мұнай газ саласы үшін  атаулы оқиға  деп, Қайрат Шәріпбаев,  отандық газды Қытай Халық Республикасына экспорттала бастауын атады. Осы альтернативті экспорттық бағытты ашу Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауының арқасында мүмкін болды. Бұл тек бастамасы ғана, еліміздің газ саласын дамытудағы жаңа жол, жаңа мүмкіндік.   

Осылайша, біз Қазақстанның транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейттік. Елдің энергетикалық қауіпсіздігіне өз үлесімізді қостық. Қайрат Шәріпбаевтің айтуынша, келесі жылы газдың Қытайға экспорты 5 млрд.-тан 7 млрд. текше метрге дейін ұлғайту жоспарланды, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш жылына 10 және 15 млрд. текше метрге дейін өсуі мүмкін. Таяу уақытта сенімді, үздіксіз транзитті қамтамасыз ету үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралында үш компрессорлық станцияны тұрғызу қажет болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы вице-президентінің айтуынша, қазақстандық газ мамандары жасаған жұмыс, жақында болған Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде ел Президенті тарапынан жоғары бағаланды.  Бұл ретте отандық газ саласындағы осындай елеулі оқиғалар "ISE" Ирландиялық қор биржасында және "KASE" Қазақстандық қор биржасында орналастырылған еуробонд бағасының көтерілуіне де ықпал етіп, «ҚазТрансГаз» АҚ халықаралық имиджіне де оң әсер етті.

Ұлттық газ операторы үшін қызметтің маңызды бағыты меншікті ресурстық базаны кеңейту болып отыр. Осы жылы Амангелді тобының Айрақты кен орны газды өнеркәсіптік өндіруге шықты. Жаңа ұңғымаларды пайдалануға енгізу Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету процесінде үлкен рол атқарады.

Вице-президент Ұлттық газ операторы сәтті іске асырып отырған ауқымды газдандыру бағдарламаларына, өңірлерде елді мекендерді газға қосу жедел жүріп жатқандығына ерекше тоқталып өтті. Облыстар газ инфрақұрылымы объектілерін салу туралы көптеп өтініш білдіруде, өйткені осындай жұмыс әлеуметтік-экономикалық дамуды едәуір ынталандырады.  

Салтанатты іс-шара барысында «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» ҚБ Жамбыл филиалының директоры Федорович Александр сөз алып, газ саласында қыруар еңбектің атқарылғанын айтты. Бұл ретте, ардагер қолданылып жүрген жоғары технологиялар, тұрғызылып жатқан қазіргі заманғы инфрақұрылымдық объектілер, тікелей газдандырудың жоғары қарқынымен байланыстырады. Жемісті еңбектің нәтижелерін қазақстандықтар көріп, сезіп отыр және мемлекеттік қамқорлығы мен газ мамандарының үлесін жоғары бағалайтынын ататп өтті. Александр Федорович сонымен қатар, сала ардагерлерін қолдағаны, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешкені үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығына алғыс айтты.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры» ЖШС атынан компанияның бас директорының бірінші орынбасары  Ван Лицзюнь сөз сөйледі. Ол «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры Қытайға газдың миллиард текше метрге жуығын тасымалдағанын ескерте отырып, бірлескен жемісті жұмыс үшін алғыс айтты.  

Құттықтау сөзін аяқтай келе, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті Қайрат Шәріпбаев жыл өткен сайын қазақстандық газ саласы мұнай-газ өнеркәсібінің драйверіне айнала бастағанын айтып, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін табысты еңбек етуді тіледі.

Салтанатты рәсім газ саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттаулар мен құрмет грамоталарын тапсырумен жалғасты.

Еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградаларды, ордендер мен медальдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын  компаниялар тобының 200-ден астам қызметкерлері алды. 

Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен мыналар марапатталды:

Сулейманов Р.Э. – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы); Темірханов Е.У. – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының трансформация және дамыту жөніндегі орынбасары;  Көшеров Д.Ә. - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;  Сәдуақасов М. Ә. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары; Мельдеханов Б.Н. – «ҚазТранГаз» АҚ бас бухгалтері.   

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген кызметкері" кеуде белгісімен Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы «ҚазТрансГаз» АҚ өкілдігінің директоры  А.С. Арыстанбаев марапатталды.

«Самұрық-Қазына» құрмет грамотасын «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары А. Е. Мамутова; «ҚМГ-Қансу Оперейтинг» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Ә.Жетібаев алды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Құрмет грамотасымен мыналар марапатталды:

Аширов А. С. - "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары; Аллаярбек Ж. - "ҚазТрансГаз" АҚ тарифтік саясат және инвестициялық жобалар жөніндегі департамент директоры; Нұралин А. Б. - "ҚазТрансГаз" АҚ сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры; Атыраубаева Г. С. - "ҚазТрансГаз" АҚ активтерді басқару департаментінің сарапшысы; Боқаев Е. Н. - "ҚазТрансГаз" АҚ орталық бухгалтериясы бас бухгалтерінің орынбасары; Ли Д. А. - "ҚазТрансГаз" корпоративтік қаржыландыру және қазынашылық департаментінің сарапшысы; Буренков А. В. - "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметінің жетекші маманы; Мұхамеджанова М. А. - "ҚазТрансГаз" АҚ маркетинг және келісімшарттар департаментінің сарапшысы; Кәженбаева Г. С. - "ҚазТрансГаз" АҚ еңбекті ұйымдастыру және төлеу қызметінің жетекші маманы; Усупова Б. М. - "ҚазТрансГаз" АҚ корпоративтік дамыту, жиынтық-үйлестіру жұмысы және ИМЖ департаментінің сарапшысы.