Қостанай облысының тұтынушыларын авариясыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбыры басқармасы» филиалы «Қарталы – Рудный» магистральдық газ құбырының 19-104 км учаскесіндегі құбырішілік диагностика нәтижелері бойынша қатты тозған ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Жоспарланған жұмыстарды жедел орындау үшін 6 жөндеу бригадасы, 2 оқшаулаушылар бригадасы, 4 далалық зерттеу зертханалары қатыстырылды. Барлығы 104 маман, 103 бірлік арнайы техника тартылды, бұл жер қазу, дәнекерлеу, жүк көтергіш машиналар мен механизмдер, сондай-ақ қосалқы техника.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Қостанай облысының тұрғындары, Денисов ауданының Баталы және Свердлов 2 кентін қоспағанда, табиғи газбен шектеусіз толық көлемде қамтамасыз етілді, олар жұмыстар аяқталғаннан кейін бірден газ ала бастады.
Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесін қауіпсіз және тоқтаусыз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, магистральдық газ құбырларындағы жөндеу жұмыстары жыл сайынғы негізде жүргізіледі.