Туған күні мен туған өңірі | 1974 жылы Жезқазған облысы, Саяқ ауылында дүниеге келген |
Азаматтығы | Қазақстан Республикасы |
Отбасылық жағдайы | Үйленген |
Білімі | Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған |
Еңбек өтілі | 1997-2001 – Қарағанды облысы, Балқаш қаласы прокурорының көмекшісі; 2001-2002 – Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын бақылау басқармасының прокуроры; 2002-2004 – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы прокурорының орынбасары; 2004-2005 – Халықаралық келісімдердің іске асуын қадағалайтын Астана қаласы прокурорының көмекшісі; 2005-2009 –ҚР ҰҚК, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі және ҚР Қаржы Министрлігі Кедендік Бақылау Комитеті органдарындағы тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалайтын ҚР Бас Прокуратурасы басқармасы департаментінің аға прокуроры; 2009-2013 – Қарағанды облысы, Балқаш қаласының прокуроры; 2013-2014 – ҚР Бас Прокуратурасы Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті Бас Прокурорының көмекшісі; 2014-2017 – Мемлекеттік Кірістер Департаментінің Маңғыстау облысы бойынша басшысының орынбасары, Экономикалық тергеу қызметінің басшысы; 2017-2023 - «KAZ Minerals Management» ЖШС ішкі тергеу қызметінің басшысы; 2023 жылдың 10 қаңтарынан бүгінге дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қауіпсіздік, тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры. |