Мәміле «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қазақстандық және халықаралық капиталдың қарыздық нарығындағы дебюты болды. Инвесторлар осы орналастыруға үлкен қызығушылық танытты, жаһандық өтінімдер кітабында ұсыныстар бірнеше есеге асып түсті; орналастырудың шарықтау шегінде өтінімдер $3,4 млрд. деңгейіне жетті. Сонымен қатар орналастыру Қазақстандағы инвесторлардың да үлкен қызығушылығын туғызды, олар KASE-де жарияланған сауда-саттық шеңберінде $100 миллионнан астам сомаға еурооблигациялар сатып алуға өтінімдер берді.
Мәміле барысында кіріс бағдары (YTM) 4,7% бастапқы жарияланған деңгейден 4,5-4,6% диапазонға дейін, содан соң 4,4% деңгейге дейін төмендеді және орналастырудың қорытынды мөлшерлемесі осы болды. Салыстырмалы алғанда, ағымдағы жылғы наурызда ресейлік «Газпром» ЖАҚ $750 млн. АҚШ доллары көлеміндегі 10-жылдық еврооблигацияларын 4,95% кіріс мөлшерлемесі бойынша орналастырды, бұл «ҚазТрансГаз» АҚ дебюттік орналастыруы мөлшерлемесінен 55 bps (базистік пунктке) артық. Жалпы «ҚазТрансГаз» АҚ өз еурооблигацияларын іс жүзінде өзінің бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның нарықтық табыстылық деңгейінде орналастырды. Бұл капиталдың халықаралық нарығында қолайлы шарттармен ұзақ мерзімді міндеттемелерді орналастыру үшін уақыттың дұрыс таңдалғанын білдіреді.
Осы шығарылым 2017 жылғы Қазақстандық құнды қағаздар орналастырылымы ішіндегі екінші табысты еурооблигация болды. Бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ағымдағы жылдың сәуір айында табысты орналастыруды жүргізді.
Citigroup Global Markets Limited, ING Bank N.V., London Branch, VTB Capital plc бірлескен жетекші менеджерлер мен бірлескен букраннерлер ретінде; және "SkyBridge Invest" АҚ – KASE қазақстандық жетекші менеджер ретінде қатысты. Орналастырудан түсетін қаражатты компания бридж-қаржыландыруға және жалпы корпоративтік мақсаттарға жұмсауды көздеп отыр.
«ҚазТрансГаз» АҚ отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.
«ҚазТрансГаз» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 55 23 16