Біздің әрқайсысымыз үшін 9 мамыр – ерекше мереке, Жеңіс күні – әрбір отбасы мен әрбір азамат үшін маңызды мереке.
Еліміздің газ саласы қызметкерлері жыл сайын әскери даңқ пен еңбек ері өкілдеріне үлкен құрмет көрсетеді. Соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерімен кездесу – әркез ерлік пен қайсарлық, өз халқы мен Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі, адал қызмет ету белгісі ретінде үлгі болатын нағыз ерлермен кездесу мүмкіндігі.
Соғыс зұлматын көрмеген қазіргі ұрпақ, бізге арадагерлерге барынша көп көңіл бөлу қажет. Фашизмді жеңген халық ерлігі туралы естелік ұрпақтан ұрпақта қастерлей отырып жеткізілуі тиіс.
Уақыт құстай зымырауда, сол сұм соғыс уақытының тірі куәгерлерінің қатары сиреп барады, Ұлы Отан Соғысының ардагері Тұрысбек Садықов осы жылдың қаңтарында 96 жасқа толды, Иван Ботев – қыркүйек айында 95 жасқа толады. Ең жас тыл еңбеккері Раушан Абылқасымова – 84 жаста, Мақжан Жетпісов – 90 жаста, Бағытжан Қусниев – 85 жаста.
Газ саласы қызметкерлері ардагерлерге шынайы ілтипатын білдіріп, Жеңіс күні үшін қосқан баға жетпес ерен еңбектері үшін алғыс айтып, ашық аспан, ұзақ ғұмыр тіледі. Ұлы отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құттықтау ашықхаттарын, гүлдер мен материалдық көмек табыстады. Ардагерлер өздеріне көңіл бөліп, құттықтап келген қонақтарға алғысын білдіріп, денсаулық, молшылық және жұмыстарына табыс тіледі.
Елде төтенше жағдай болғандықтан, ардагерлерге құрмет көрсету карантиндік шараларды барынша сақтай отырып, жүргізілді.