15-19 мамыр Астана қаласында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының ұйымдастыруымен «Мінез-құлық қауіпсіздігінің аудиті» тақырыбында өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамыту шеңберінде ішкі тренерлерді оқыту бойынша семинар өтті.
Семинардың спикері - «QazaqGaz» ҰК» АҚ HSE қызметінің аға маманы, жетекші халықаралық компанияларды мол тәжірибесі бар - Хамитов Ермек Фазылұлы.
Курс аяқталған соң, «QazaqGaz» ҰК» АҚ HSE қызметінің басшысы Джакубалиев Алтай Қапизұлы семинарға қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттарды тапсырды. Өз кезегінде олар өндіріс орындарында жағымсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында еншілес ұйымдардың желілік басшыларын курс негіздеріне үйретеді.