«Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ тасымалдау құбыры 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Айта кетейік, коррозиялық белсенді топырақтың әсері құбырдың тозуына әкеледі, газ құбырлары қабырғасының қалыңдығы төмендейді, ақаулар пайда болады. Сонымен қатар, циклдік жүктемелер металдың және дәнекерленген қосылыстардың беріктік сипаттамаларына теріс әсер етеді, бұл жүйенің істен шығу қаупін арттырады.
Өз кезегінде, газ құбырының кешенді жөндеуі Маңғыстау облысы, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен ірі өнеркәсіптік орындардың газ тасымалдау жүйесінің беріктігін арттырады.
Күрделі жөндеу жұмыстарының барысында 282 құбыр толығымен ауыстырылып, тазарту құрылғысын іске қосу-қабылдаудың 6 камерасын жаңғыртып, құбырлардың электр химиялық қорғауы да жаңасына ауыстырылады. Күрделі жөндеу жұмыстарына 14 млрд теңге бөлінген, 60 жұмыс орны құрылған.
Жөндеу жұмыстарын аяқтап, нысанды осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кету керек, объектінің маңыздылығын ескерген мердігер жұмысты жоспарланған күнтізбеден ертерек орындап жатыр. Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары 85 пайызға орындалды. Құбырлар өз уақытында жеткізілді, төрт кранның монтажы жасалды.
Санжар Жаркешов Ұлттық компания магистральдық газ құбырларының берік болуын әрі ұзақ уақыт жұмыс істеуін басты назарда ұстайтынын жеткізді. Оның ішінде желілік бөлікті кезең-кезеңмен жаңарту әдістемесі қолданылады. Бұл тәсіл газ тасымалдау жүйесінің сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етеді.