Рейтинг агенттігінің хабарламасында атап өтілгендейі, Moody's мұнай-газ саласында жұмыс істейтін қазақстандық төрт эмитенттің ретингілерін өзгеріссіз қалдырды, олар: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансОйл АҚ. Бұл іс-әрекеттер биылғы жылдың 22 қаңтарында басталған рейтингілерді қайта қарау процесін аяқтайды деп нақтыланған хабарламада. «Біз «ҚазМұнайГаздың» және оның еншілес құрылымдарының рейтингілерін растау туралы шешім қабылдаған кезде үкіметтің 2015 жылы компаниялар тобына көрсеткен қолдауы ескерілді. Бұл топтың борышын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді және біз үкімет елеулі қолдау көрсетуін жалғастырады деп санаймыз, бұл топтың ағымдағы рейтингіге сәйкес келетін бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін қолдауына мүмкіндік береді», - деп атап өтті Moody's вице-президенті Денис Перевезенцев. Оның сөздері хабарламада келтірілген.
Бұрын хабарланғандай, 22 қаңтарда Moody's «ҚазМұнайГаз», KazMunaiGaz Finance Sub B.V., «Интергаз Орталық Азия», Intergas Finance B.V., «ҚазТрансГаз», «ҚазТрансОйл», Nostrum Oil & Gas Plc, «Жайықмұнай» компанияларының рейтингілерін қоса алғанда, EMEA өңіріндегі 32 мұнай және мұнай-сервистік компаниялардың рейтингілерінің төмендеуі мүмкіндігімен оларды қайта қарауға қойды.
ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН материалдары бойынша