«QazaqGaz» ҰК» АҚ «Орал» компрессорлық станциясына газ саласының еңбек сіңірген қайраткері Есет Рауатұлы Әзірбаевтің есімі берілді. Салтанатты рәсім 29 тамызда «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкілдері, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Орал Желілік өндірістік Басқармасы ұжымының қатысуымен өтті. Қонақтар мемориалдық тастың ашылуына қатысып, Есет Рауатұлын еске алды.
«Қазақгаз» ұлттық газ компаниясының тұңғыш президенті Есет Рауатұлын жақсылықпен еске алу - біздің борышымыз. Өз еліне бей-жай қарамайтын адамдар газ саласы жұмыскерлерінің жас буыны үшін үлгі болуы керек. Өңірлерді газдандыру бұл кісі үшін өте маңызды болды. Сондықтан, халқымыз осы күнге дейін оны жылулықпен еске алады, ал оның есімі Қазақстанның мұнай-газ индустриясының тарихына мәңгілікке алтын әріптермен жазылады», - деді Санжар Жаркешов.
Станцияның атауын өзгерту және мемориалдық тасты ашу бастамашылары – мұнай-газ саласының ардагерлері.
«Сол кездегі барлық қиындықтарға қарамастан, Есет Рауатұлы бірінші ұлттық компанияны басқарып, жас тәуелсіз Қазақстанның газ құбырларының бірыңғай жүйесін құруға және жаңа аумақтарын газдандыру ұмтылды. Бүгінгі күні - бұл қазірдің өзінде салынған магистральдар, олар арқылы табиғи газ елдің барлық өңірлеріне және экспортқа жеткізіледі. Сондықтан өз елінің нағыз патриотын еске алу өшпейді және бүгінгі іс-шара осының айқын дәлелі», - деді газ саласының құрметті ардагері Анатолы Тегісбаев.
Салтанатты рәсімге Есет Әзірбаевтың отбасы да қатысты. Отбасы мүшелері қолдау мен алғыс сөздерін білдірді.
«QazaqGaz-ға Есет Рауатұлын еске алғандарыңыз үшін рахмет. Бұл кісі дүниеден озғанына алты жыл болды, бірақ ол біздің есімізден кетпейді. Мамандардың жаңа буыны ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын түсінетіні қуантады. Көптеген адамдар үшін оның есімі Қазақстандағы газ саласының өркендеуімен байланысты, қазір де біз газ индустриясының өрлеуін көріп отырмыз. Біз үшін оның еңбектері бекер болмағанын көру өте маңызды», - деп туыстары өз әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, QazaqGaz басшысы Батыс Қазақстан облысы газ шаруашылықтарының алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексерді. Мамандардың айтуынша, өңір жылыту маусымына 100% дайын.