Ағымдағы жылғы 10 ақпанда «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Р.Э.Сулеймановтың орталық аппарат пен еншілес және тәуелді ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесуі болды. Онда 2016 жылдың қорытындылары шығарылды және 2017 жылға арналған жоспарлар талқыланды. 2016 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындылары жөніндегі есеппен Бас директор Р.Э.Сулейманов сөз сөйледі. Компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы деректер айтылды. Барлық қорытынды көрсеткіштер жоспарланған көрсеткіштер шегінде қалды.
Р.Э.Сулейманов қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерін, өткен жылдың негізгі оқиғаларына тоқталып өтіп, 2016 жылы бекітілген бизнес-жоспарға, «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы қағидаларға», қолданыстағы Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік тұрғысынан Қоғам компаниялар тобының қызметкерлері үшін белгілі бір жұмыс жүргізілгендігін айтты. Сауықтыруға материалдық көмектен басқа 450 қызметкерге ерекше жағдайларда материалдық көмек көрсетілді; 12 125 қызметкерге әлеуметтік жәрдемақылар, өтемақылар мен кепілдіктер, оның ішінде санаторлық-курорттық емдеуге, Қазақстан шегінде сауықтыру лагерьлеріне қызметкерлер балаларының демалыстарына төленді; Қоғам компаниялар тобы бойынша ауырып қалу жағдайына ерікті медициналық сақтандыруға шарттар жасалды.
Жалпы алғанда «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2016 жылғы жұмысына оң баға берілді.
Бұдан әрі Бас директор 2017 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ стратегиялық мақсаттарын іске асыруды жалғастырады және ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттерін белгіледі деп хабарлады.
Мемлекеттік тілдің қолданылу саласын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 30 қарашада қазақ тілінде «Тұғыры биік ТӘУЕЛСІЗДІК» атты конкурс өткізілді.
Желтоқсан айында компаниялар тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты іс-шаралар өткізілді. 2016 жылғы 14 желтоқсанда Қоғамның орталық аппаратында салтанатты іс-шара өтті, еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен, «Самұрық-Қазына» ҰК АҚ-нан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-нан, «KAZENERGY» ЗТБ-дан және «ҚазТрансГаз» АҚ-нан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсырылды. Бүкіл компаниялар тобы бойынша 232 қызметкер награда алды.
Бас директор, 2016 жылы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді деп атап өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүргізіп жатқан саясат пен оның тапсырмалары шеңберінде өткен жылы еңбекті қорғау, денсаулық және экология саласында мынадай іс-шаралар өткізілді:
- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі есептің 100% анықтығына қол жеткізілді, ол «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының өндірістік объектілерін көшпелі (таңдаулы) тексеру нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қорытындыларымен расталды. Қоғамның компаниялар тобы жөніндегі есептіліктің анықтығын қамтамасыз ету КИСУД бағдарламасындағы инциденттердің барлық түрлері бойынша дұрыс деректерді уақытылы енгізу жолымен жүзеге асырылады.
- «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында «Алтын қағидалар» қауіпсіздікті және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің кодексі орындауға қабылданды.
- «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-нда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бекіткен «Жер үсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану регламенті» енгізілген.
- TAPLine компаниясының қытай әріптестерімен ұсынылған еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында АГҚ ЖШС және БШГҚ ЖШС бірлескен кәсіпорындарының өндірістік қызметінде қолдану үшін 39 стандарт жобалары қаралып, талдау жасалды. Қарау нәтижелері бойынша, ҚТГ компаниялар тобының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, 39 стандарттың 11-іне тиісті түзетулер енгізілді. Қазіргі уақытта АГҚ мен БШГҚ-ға 11 стандартты енгізу бойынша рәсімдер өткізілді.
- 2016 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетін жақсартуға бағытталған «Қауіпсіздік іс-қимылын бақылау» (бұдан әрі - ҚІБ) бағдарламасын іске асыру басталып, қазіргі уақытта белсенді жүзеге асырылуда.
- «ҚазТрансГаз» АҚ «ҚМГ ГЛОБАЛ САЛЮШНС» ЖШКФ әзірлеген ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ басқару жүйесі» жобасын қарастыруға белсенді қатысуда.
Жалпы алғанда «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2016 жылғы жұмысына оң баға берілді.
Бұдан әрі Бас директор 2017 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ стратегиялық мақсаттарын іске асыруды жалғастырады және ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттерін белгіледі деп хабарлады.
Еңбек ұжымдары атынан мыналар сөз сөйледі:
- Тасыбаев М.М. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұжымынан;
- Қасеев Е.З. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ ұжымынан;
- Қасенов А.Г. – «ҚазТрансГаз-Өнімдері» ЖШС ұжымынан;
- Құрманәлиев К.Р. – «Амангелді Газ» ЖШС ұжымынан.
Еңбек ұжымдарының өкілдері бірқатар сұрақтар қойды, оларға Бас директор нақты жауап берді. Соңында олар қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді және өз кезегінде Қоғамды дамыту үшін белсенді және жемісті еңбек етуге дайын екендіктерін айтты.
Бас директор еңбек ұжымымен кездесу соңында 2016 жылғы желтоқсанда компаниялар Стандарттау жөніндегі францияның ұлттық органы және сертификаттау нарығындағы жетекші әлемдік ойыншылардың бірі AFNOR нормалары бойынша сертификациялық аудиттен сәтті өткендігін айтып өтті. Аудит нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ «Жетілдіруге ұмтылу» EFQM сертификатын, «Амангелді Газ» ЖШС және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттары талаптарының сәйкестігіне бірыңғай сертификаттарын, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ға «Жетілдіруді мойындау» 3 жұлдызды EFQM сертификатын алды.
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобынан алынған менеджмент жүйесінің осы сертификаттары нарықтағы көрсетілетін қызметтердің рейтингін көтеруге мүмкіндік береді, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының халықаралық деңгейін және беделін, олардың кредиттік сенімділігін және инвестициялық тартымдылығын растайды.