«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев наградаларды табыстап, ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Қоғамның үздік қызметкерлері «Мұнай-газ кешенін дамытуға косқан үлесі үшін» медалімен, ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» омырауға тағатын белгілерімен, ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Қайрат Шәріпбаев өз сөзінде: «Осынау мереке күні біз бірігіп еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен халқымыздың игілігі жолында ат салысып, салаға және ісімізге деген қатыстылығымыз үшін қуаныш сезіміне бөленеміз. Қажырлы еңбек, жоғары жауапкершілік пен құлшыныстың арқасында біз «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының дамуы мен гүлденуі жолында үлкен табыстарға қол жеткіземіз деген сенімдемін» деп атап өтті. Сөзін қорыта келе баршамызға денсаулық, бақ-береке, табысты жұмыс және еліміздің игілігі жолында жаңа табыстар тіледі.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымдарында өз еңбектерімен және өндірістегі табыстарымен ерекшеленген 50 үздік қызметкер де құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.