«QazaqGaz» ҰК» АҚ корпоративтік тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі әлемдегі ең ірі бастама – БҰҰ Жаһандық келісіміне қосылды.
2000 жылы құрылған БҰҰ Жаһандық келісімі –адам құқықтары, еңбек, қоршаған орта және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бизнесті он әмбебап қағидатты ұстануға ынталандыруға бағытталған. Бүгінгі таңда БҰҰ Жаһандық келісімі әлеуметтік және экологиялық стандарттарды жақсартуға ұмтылған әлемдегі мыңдаған компаниялар мен ұйымдардың басын біріктіреді.
«БҰҰ Жаһандық келісіміне қосылу біздің компания үшін маңызды қадам болып табылады. Бұл біздің беделімізді нығайтады және компанияның корпоративтік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктің жоғары стандарттарына адалдығын растайды. Біз құндылықтарымызды ортақтастыратын жаһандық қауымдастықтың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз және біздің осындай бастамаға қатысты болуымыз оң өзгерістерге ықпал етеді деп сенеміз», – деді QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
БҰҰ Жаһандық келісіміне мүшелік QazaqGaz-қа бизнес-климатты жақсартуға ықпал ететін сарапшылар желісіне, озық тәжірибелерге, жаһандық жобалар мен іс-шараларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мүдделі тараптардың сенімін нығайтады, ESG рейтингті жақсартып, компанияның халықаралық нарықта беделін арттырады.
Қазақстанда тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына қызығушылық артып келеді. Өз қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге талпынған компаниялар көбеюде. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық келісіміне қосылу, қазақстандық ұйымдар үшін тұрақты даму принциптерін, стратегиялары мен операциялық қызметіне біріктіретін маңызды қадамға айналады.
Айта кету керек, QazaqGaz жыл сайын GRI стандарты бойынша біріктірілген жылдық есепте өз қызметі туралы мәліметтерді жариялайды. 2023 жылдың желтоқсанында Morningstar Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігі QazaqGaz-қа жоғары ESG рейтингін берді, бұл қазақстандық компанияға әлемдегі ең үздік 10 газ компаниясының қатарына кіруге мүмкіндік берді.