26 тамызда QazaqGaz басқарма басшысы Санжар Жаркешов Алматы қаласында CNPC компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Ұлттық компания басшысы CNPC-ді 25-жылдық мерейтойымен құттықтап, көп жылдық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. 20 жылдан астам уақыттан QazaqGaz және CNPC Қазақстан мен Қытайдың серіктестігін қолдап келеді.
«25 жылда CNPC және QazaqGaz бірлескен жұмыстың арқасында ауқымды жобаларды іске асырып, өз атауларын қазақстандық газ саласының тарихына жазды. Қазақстан мен Қытайдың газ саласындағы серіктестік әлеуеті зор. CNPC секілді сенімді серіктеспен біз ойға алған барлық жоспарымызды жүзеге асырамыз. Компания ұжымы атынан қызметіңізге сәттілік тілеймін», - деді Санжар Жаркешов.
QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов пен CNPC Орталық Азия және Ресей бойынша Президенті Биан Дыжы газ саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы сөйлесті.