“QazaqGaz” ҰК” АҚ басшылығы, атап айтқанда Қауіпсіздік, тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Марат Қаспақов РФ Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді. Келіссөздер QazaqGazдың еншілес және бағынысты ұйымдары басшыларының және профильді мамандардың қатысуымен өтті.
Тараптар газ саласында ынтамақтастық перспективалары мен инновациялық шешімдерді енгізу мүмкіндігін талқылады. Бұдан басқа, ғылыми-технологиялық даму бағытында серіктестік орнату бойынша сөйлесті. Кездесуге қатысушылар Түмен қаласында Университет аралық кампус құру, сонымен қатар, 150-ден астам мұнай сервистік компаниялардың басын біріктіретін мұнай-газ кластерін дамыту перспективалары жобаларымен танысты.