Жұмыс сапарының негізгі мақсаты - газ тасымалдау жүйесі мен магистральдық газ құбырларының техникалық жағдайы қандай дәрежеде екенін білу. Тағы бір маңызды міндет - ресурстық базаны ұлғайту перспективаларын бағалау, бұл Қазақстан Президентінің компания алдына қойған тікелей тапсырмасы.
Бұл сапар еліміздің батыс өңірінен басталғаны кездейсоқ емес, дәл осы жерде табиғи газдың негізгі қорлары шоғырланған. Көгілдір отынның көп мөлшері Қарашығанақта өндіріледі, сондықтан бұл өңірде газ тасымалдау инфрақұрылымының ірі объектілері жұмыс істейді.
Ішкі нарық үшін тауарлық газ көлемін ұлғайту тақырыбы негізгі тақырып болды, және Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясының басшылығымен әңгіме барысында Тараптар ілеспе газдың қосымша көлемін өңдеу саласындағы ынтымақтастықты да талқылады.
Чинаревское мұнай-газ конденсат кен орнын игеріп жатқан «Жайықмұнай» ЖШС басшылығымен Санжар Жаркешовтың кездесуінде де осы мәселелер көтерілді.
Ұлттық газ компаниясының басшысы өңірде жұмыс істейтін өндірістік объектілердің ішінен «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Орал» және АГТС-1 «Орал» компрессорлық станциясына барды. 11 газ айдау агрегаты бар «Орал» КС жылына 9 млрд м3 астам газ көлемінде табиғи газ тасымалдауды жүзеге асырады.
АГТС-1 Орал қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары мен кәсіпорындарын газбен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Санжар Жаркешовке магистральдық газ тасымалдау жүйесінің объектілері мен жабдықтарын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жұмыс жоспары ұсынылды. Станция қызметкерлерімен өндіріс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және әлеуметтік-еңбек қатынастарына байланысты мәселелер талқыланды.
Өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту және тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту мәселелері облыс әкімі Ғали Есқалиевпен кездесуде талқыланды.
Санжар Жаркешов барған тағы бір пункт Орал газтурбиналық станциясы болды, оған жылына 170 млн м3 көлеміндегі отынды «QazaqGaz» жеткізеді. Станция облысқа қажетті электр қуатының бестен бір бөлігін өндіреді және Орал қаласының жаңа тұрғын шағын аудандарын жылумен қамтамасыз етеді.
«QazaqGaz» басшысының сапары «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Инженерлік-техникалық орталығына» барумен аяқталды. Бейінді мамандар жұмыс істейтін Орталық қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған және газ индустриясы үшін диагностикалық қызметтердің кең спектрін орындай алады.