Қазақстан – газдың 3,8 трлн. м³ көлеміндегі қоры расталған ел, оны қауіпсіз және тиімді өндіріп, ішкі нарықтың қажеттіліктеріне бағыттау қажет. Газ өндірісінің 81%-ы үш ірі жоба: Қарашығанақ, Қашаған және Теңізге тиесілі.
Жаңа геосаяси жағдайларында, жаңа транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан Республикасының өңірлерін одан әрі газдандыру мүмкіндігіміз бар.
БІРАҚ, ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА, ГАЗ САЛАСЫ ЕЛЕУЛІ ҚОЛДАУДЫ, елеулі қаржылық инвестицияларды ҚАЖЕТ ЕТЕДІ, өйткені, газ тасымалдау жүйесінің объектілерін жаңғыртпай, және кеңейтпей, тұтынушыларды одан әрі газбен үздіксіз жабдықтау мүмкін емес.
Өткен жылдың соңында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіріп, «ұлттық компания» мәртебесіне ие болып, портфельдік компаниясына айналды, сондай-ақ «QazaqGaz» деп аталды.
Компания «Жаңарған QazaqGaz» көзқарасын қалыптастырып, жұмыстың барлық салаларында толық көлемде жаңартуды бастады:
1) Мемлекет басшысының толық аудит ұйымдастыру және компания қызметінде транспаренттілікті қамтамасыз ету туралы тапсырмаларына сәйкес, нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні, 937 млрд. теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық бұзушылықтар табылып, оның ішінен 123 млрд. теңгесі құқық қорғау органдарымен анықталды.
Қазақта ауруын жасырған арам өледі деген жақсы сөз бар. Барлығын ашық айтуға дайынбыз. Проблема көп, шешуге тырысып жатырмыз.
Компанияның барлық стратегиялық жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді, жобаларды QazaqGaz тобының меншікті қаражаты есебінен, әлемдік капитал нарықтарындағы неғұрлым қолайлы уақыт кезеңінде, одан әрі қарыздық қаржыландыруды тарта отырып, іске асыруды жоспарлап отыр (оның ішінде: Маңғыстау және Атырау облыстарының ГТЖ реконструкциялау; Маңғыстау облысындағы объектілерді, Алматы қаласының ЖЭО-2,3 газдандыру; Түркістан облысында Қашаған ГӨЗ, БГҚ салу).
2) Газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күшін біріктіруге, сенімді серіктес беделін қалыптастыруға бағытталған QazaqGaz даму стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
3) Компания меритократия және транспаренттілік, компаниялар тобы бойынша өндірістік персоналдың еңбек жағдайларын жақсарту қағидаттарына негізделген кадр саясатын жаңарту және жетілдіру мәселелеріне бірінші кезектегі назар аударады.
4) Елімізді газбен үздіксіз және апатсыз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, Компания келесі әрекеттер жасауда:
- Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесін тиісті пайдалану жолымен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақтық ортақ газ нарығын қалыптастыру жағдайында газбен жабдықтаудың ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
Бұл ретте, QazaqGaz ҚР-ның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы ретінде, қажетті құқықтары болып, газ ресурстары болып және қаржылық тұрақты жағдайы болуы тиіс.
5) Сатып алу жүйесінің тазалығын арттыру және шығындарды азайту болып табылады.
Бұл бағытта мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:
- QazaqGaz компаниялар тобының қызметіне, оның ішінде бірлескен кәсіпорындарға Самұрық-Қазынаның жаңа сатып алу моделін енгізу;
- сатып алуларда, оның ішінде ҚР-да өндірісті локализациялау арқылы жергілікті қамтуды дамыту (мысалы, SOLAR, RR, Siemens, CAT, GE және т.б. газ айдау агрегаттарының сервисі мен өндірісі);
- компаниялар тобының активтерін демонополизация және оңтайландыру, делдалдық құрылымдарды алып тастау, шығындарды азайту.
«Жаңарған QazaqGaz» стратегиясы
«Жаңарған QazaqGaz» стратегиясы тігінен интеграцияланған компанияны құру үшін бес негізгі аспектіде қалыптастырылатын болады:
1) Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту (өндіру, қайта өңдеу).
2) Ішкі газ нарығын дамыту.
3) Газ транзитін және экспортын дамыту.
4) Газ химиясын дамыту.
5) Инвестициялық және операциялық тиімділік.
Біріншіден, QazaqGaz газды барлау және өндіру секторындағы активтердің теңгерімді портфелін қалыптастыру және маңызды жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтарын алу үшін жер қойнауын пайдалануға басым құқыққа ие Ұлттық компания мәртебесін пайдаланатын болады.
QazaqGaz жұмыс істеп тұрған ГӨЗ (Чинарев, Жаңажол, ҚазГерМұнай) қуаттарын жүктеуді қамтамасыз ету мақсатында, газды өңдеу жобаларындағы рөлін күшейтетін болады.
Сонымен бірге, ресурстық базаны кеңейту мақсатында Ұлттық оператор ынталандыру шаралар кешенін әзірлеп, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуіне және одан әрі бекітуіне енгізді, оның ішінде: жер қойнауын пайдаланушыларға фискалдық преференциялар; Ұлттық оператордың экспорттық арналары шеңберінде газ көлемінің бір бөлігін жіберу мүмкіндігімен, жер қойнауын пайдаланушыларға газдың қосымша көлеміне тартымды сатып алу бағасын беру; кері айдауды және алауларда жағуды қысқарту бойынша ынталандыру тәсілдері;газ өңдеу және жаңа газ тасымалдау қуаттарын дамыту бойынша бірлескен қызмет.
Газ өндіру бойынша неғұрлым дайын жобаларды іске қосу және газды жағу мен кері айдаудың орнына, өңдеу арқылы 2030 жылға қарай тауарлық газды өндірудің + 15 млрд.м3-қа өсу нысаналы көрсеткіші. Мен бұл туралы 8-слайдта толығырақ айтамын.
Екіншіден, Ұлттық оператор тауарлық газ ресурстарының тапшылығы және ішкі нарықтағы бағалардың шығынды болуы жағдайында, заң жобасына баға белгілеудің әлеуметтік-әділ реформасы бойынша «Жылдам шаралар» деген ұсыныстар кешеніне бастамашылық жасады, оның ішінде: тауарлық газды нарықтық бағалар бойынша сатып алуға дайын тұтынушылар санаттарының тізбесін кеңейту (күтілетін нәтиже: жылына 48 млрд. теңге); өңірлік газ тарату ұйымдарының техникалық дайындығын және газ тұтыну жобаларының тиімділігін ескере отырып, тауарлық газдың шектеулі ресурстарын бөлудің уақытша регламентін бекіту; газды ұтымды тұтыну.
Ішкі нарықты дамыту саласында, Компания газдандыру деңгейін 2030 жылға қарай 65%-ға дейін арттыруды және шығынсыздыққа қол жеткізуді мақсат етеді. ҚР Газдандырудың бас схемасын іске асыру тәуелсіз газ тарату ұйымдарының жеке инвестицияларын тартумен жалғастырылатын болады.
Үшіншіден, ұлттық оператор газ-химия саласында газ-химияның неғұрлым рентабельді жобалары үшін газды нарықтық баға бойынша беруге мақсат қойған. Басым мақсаттар жаңа энергетиканы және газ-химия жобаларын (метанол, карбамид, аммиак, түйіршіктелген күкірт, көгілдір сутегі, тыңайтқыштар және т.б. өндіру) дамыту болып табылады.
Төртіншіден, газ тасымалдау бойынша жаңа жобаларды іске асыру жобалардың өзін-өзі ақтауы жағдайында және Компанияның жалпы қызметі үшін синергетикалық әсер болған жағдайда жүзеге асырылатын болады, ол: қолданыстағы газ тасымалдау жүйелерінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану; қазақстандық газды тасымалдау үшін жаңа маршруттар құру арқылы көрініс табады. Бұдан басқа, қазақстандық газ экспортын 5 млрд.м3 деңгейінде сақтау басымды болып табылады.
Бесіншіден, QazaqGaz өз қызметінде ESG мен корпоративтік басқару стандарттарының жоғары қағидаттарын бұлжытпай ұстанатын болады. Осы қағидаттарды сақтау үшін, Компания бизнес жүргізу (цифрлық трансформация), қоршаған ортаны қорғау, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту бойынша халықаралық озық тәжірибені қолдануды ниеттенеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Компанияны IPO-ға шығару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен, осы жаңа Стратегияны әзірлеуге біз ҚР-дағы негізгі газ өндірушілерді, халықаралық сараптамалық және консалтингтік компанияларды тартамыз. Компания ҰК болды және оның алдында Мемлекет Басшысы қойған мүлдем жаңа сындар мен міндеттер тұр. Бұл құжатты жоғарыда аталған стейкхолдерлердің бірлескен күшімен әзірлеу аса маңызды деп санаймыз.
«Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығына (ШИКҚ) Қазақстанның Энергияға Өту Стратегиясын (Energy Transition Strategy) қалыптастыруға қатысу туралы ұсыныс жасалды.
Соңғы 3 ай ішіндегі негізгі оқиғалар
1) 2021-22 жж. күзгі-қысқы жылыту кезеңінде газбен үздіксіз және авариясыз жабдықтау қамтамасыз етілді (0 апат).
2) 22 елді мекенде халыққа газ берілді, Түркістан облысында (ұзақ уақыт салынып жатқан) газ тарату желілері пайдалануға берілді, 10 жылдан астам уақыт бойы шешілмей келе жатқан мәселе.
3) халықты газға қосу процесін бюрократиядан арылту жұмыстары жүргізілуде, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында газға қосылуға техникалық шарттарды алу үшін құжаттар саны 2 есе қысқарды.
Басымды түрде ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ету мақсатында, келесі жұмыстар жүргізілді:
1) ТШО газының қосымша көлемінің 600 млн.м3 ішкі нарыққа жіберілді (ТШО-ның экспорттық көлемінен).
2) 2022 жылғы наурыздан бастап 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде түркімен газын жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді (+ 670 млн.м3).
3) ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ҚПО-дан ОГӨЗ-ге газ қабылдау ұлғайтылды (2021 жылдың қорытындысы бойынша ОГӨЗ газ қабылдауды 1,2 млрд.м3-ге шектеді, бұл ретте, қаржылық шығындар шамамен 200 млн. АҚШ доллар құрады).
4) Оңтүстік Ақсай кен орнынан ішкі нарыққа (ҚазГерМұнай) 100 млн.м3 көлемінде қосымша газ көлемі расталды.
5) Өндірістегі қауіпсіздік техникасы – оқиғасыз.
6) Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әсер етпей, баға белгілеудің әлеуметтік-әділ реформасы бойынша шаралар кешені әзірленді және бекітуге енгізілді (тұтынушылардың 11 санаты).
7) QazaqGaz компаниялар тобында әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілді.
- Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы еңбек ұжымдарына қатысты мәселелер шешілді;
- QazaqGaz компаниялар тобы бойынша өндірістік персоналдың жалақысы 30%-дан астамға көтерілді.
8) ағымдағы жылғы 14 мамырда, 01.07.2022- 30.06.2023 жылдар кезеңіне ҚР бойынша орта шамамен 7,6%-ға өсірілетін көтерме бағалар бекітілді, бұл шығындарды 18 млрд.теңгеге азайтуға мүмкіндік берді.
9) Шығыстар 9,4 млрд.теңгеге оңтайландырылды (Жалпы әкімшілік шығыстар – 25%-ға, әкімшілік сипаттағы күрделі салымдар -71%-ға).
10) Ресейлік және Орта Азиялық газдың транзиті бойынша қызметтерге арналған тариф 1000м3/100км үшін 2-ден 2,42 АҚШ долларға дейін көтерілді, бұл 9,3 млрд.теңге әсерін алуға мүмкіндік берді.
15) Жергілікті және шетелдік компаниялармен (KazakhInvest, Condor Petroleum, Yildirim Group және т.б.) өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
16) жергілікті қамтуды дамыту мақсатында, Газ айдау агрегаттары сервисі мен өндірісін жергілікті ету бойынша іс-шараларға бастамашылық жасалды.
Сондай-ақ, мынадай қажеттіліктерге назарларыңызды аударғым келеді:
Бірінші: көмір мен газдың ұтымды пайдаланылуын ескере отырып, «Энергетикалық қауіпсіздік доктринасын» әзірлеу қажет. Бұл газ тапшылығынан шығу және жалпы ұлттық қауіпсіздікті күшейту үшін маңызды.
Екінші: «Мұнай мен газдың стратегиялық резервтерін» (Strategic Petroleum Reserves) қалыптастыру туралы шешім қабылдау қажет, бұл да ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды.
Елдің 3,8 трлн. м3 алынатын қорлары 100 жылдан астам уақытқа жеткілікті, мәселе ГӨЗ қуатының шектеулігінде болып тұр
ҚР бойынша алынатын газ қоры (ілеспе және табиғи) шамамен 3,8 трлн. м3 құрайды. Негізгі қорлар Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған деген 3 ірі кен орындарында шоғырланған.
Газдың негізгі қорлары ілеспе мұнай газы (ІМГ) болып табылады, яғни оны кәдеге жарату мұнай өндіру қарқыны мен көлеміне әсер етеді. Бұл ретте, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, осы үш ірі кен орындарында өндірілген газдың 41%-ы, қабаттық қысымды ұстап тұру үшін, қайтадан қабатқа айдалды.
Мұнай өндіруші компаниялардың қазіргі бағамен газ өндіруге қызығушылығы жоқ. Газ өндірудің тартымдылығын арттыру үшін әділ баға ұсыну қажет.
Газдың дәлелденген қорлары ішкі нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бірақ өңдеуге арналған газ өңдеу қуаттарының жетіспеушілігі байқалады, ал қолда бар қуаттардың технологиялық шешімдері газ параметрлеріне сәйкес келмейді (мысалы: Чинаревский ГӨЗ).
«Қашаған» ГӨЗ құрылысы жобасын «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға беру туралы шешім қабылданды. Жұмыс істеп тұрған газ өңдеу қуаттарын жүктеу және жаңаларын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда (оның ішінде: Қашаған, Қарашығанақ, Жаңажол, Чинаревский ГӨЗ, ҚазГерМұнай).
2024 жылы ішкі нарықтағы тауарлық газдың тапшылығы іс жүзінде болуы мүмкін. 2022 жылы QazaqGaz дефолтының қаупі бар (шығындар -176 млрд. тг)
Соңғы жылдар ішінде жаңа газ дәліздері іске қосылды, бұрын бытыраңқы магистральдық газ құбырларынан интеграцияланған газ тасымалдау жүйесі қалыптастырылды. Болашақта, ресурстық база кеңейтілген жағдайда, бұл орасан транзиттік-көліктік әлеуеті бар Орталық Азия газ хабын құруға мүмкіндік береді.
Алайда, 2024 жылы газ саласы дағдарыс құбылыстарына тап болуы мүмкін. Егер біз тұтынушылардың барлық өтініштерін қанағаттандырсақ, онда дағдарыс 2023 жылы басталады.
Біріншіден, 2024 жылдан бастап газ тапшылығы болжануда. Ішкі нарықтың қажеттіліктері газдың қолжетімді ресурстарынан ~1,7 млрд. м3 асып түседі. Жедел шаралар қабылданбаса, газ экспорты 2023 жылы тоқтатылады. Бұл ретте, импортқа қажеттілік 17,1 млрд.м3 құрауы мүмкін.
Бұл ЖЭО-ны газға ауыстыру (Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 және т.б.), жаңа газ-химия кешендерін (ОХК, WestGasOil және т.б.) және жаңа ірі коммерциялық тұтынушыларды (ArcelorMittal, Конденсат және т. б.) газбен жабдықтауға қосу жобаларын қоса алғанда, жаңа ірі тұтынушылардан түсетін өтінімдердің үлкен көлеміне байланысты.
Екіншіден, ішкі нарықтың шығындылығына байланысты, 2022 жылы Ұлттық оператордың қаржылық тұрақтылығының нашарлауы күтілуде.
2021 жылы Ұлттық оператор тасымалдау мен экспорттан түсетін кірістер есебінен ішкі нарықтың 162 млрд.теңге шығындарын өтей алды.
Алайда, 2022 жылы жалпы кірістің - 47 млрд.теңгеге дейін төмендеуі болжануда, өйткені ішкі нарықтың шығындары - 176 млрд. теңгені құрайды, ал кірістер экспорт көлемінің 5,7 млрд. м3-ден (2021 жылы) 2,7 млрд. м3-ге (2022 жылы) дейін қысқаруына байланысты түседі.
Кейінге қалдырылмайтын, жедел шаралар қажет.
2022-2030 жылдар кезеңінде тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту бойынша шаралар
1) 2022 жылға қарай 1,7 млрд.м3 көлемінде экспорттан ішкі нарыққа қайта бағытталуы тиіс ТШО көлемдерінің қосылуын ескере отырып, қолжетімді ресурс 25,6 млрд. м3-ге тең. Әзірге ТШО тарапынан түсіністік жоқ.
2) 2023 жылдан бастап Өріктау, Придорожное, Рожковское және т.б. сияқты 200 млн. м3 көлеміндегі неғұрлым дайын кен орындары пайда болады және 2027 жылға қарай өндіру көлемі 1,9 млрд. м3 дейін ұлғаяды.
3) 2024 жылдан бастап 376 млн.м3 көлемінде инфрақұрылымды пысықтауды, рентабельділікті бағалауды талап ететін перспективті жобалар енгізіледі және 2030 жылға қарай 2,5 млрд. м3 мөлшеріндегі көлемге жетеді (өнім берушілер: Алмекс, Позитив Инвест және Урал Ойл энд Газ).
4) 2024 жылдан бастап Қашағандағы қуаты 1 млрд.м3 болатын ГӨЗ 0,7 млрд. м3 тауарлық газ береді.
5) 2022-2030 жылдар аралығындағы кезеңде ағымдағы өндірістің - 2,6 млрд.м3 дейін төмендеуі, сондай-ақ 2025 жылдан бастап ТШО-дан газ жеткізудің 2 млрд. м3 дейін төмендеуі күтілуде.
6) 2026 жылдан бастап ТШО және Қарашығанақ кен орындарында газды кері айдауды төмендету жоспарланып отыр, соның нәтижесінде бос ресурсты 5 млрд.м3 дейін өсіру жоспарланып отыр.
7) Сондай-ақ 2026 жылға қарай Қашаған зауытын қосымша 2 млрд.м3 және 2029 жылға қарай тағы 6 млрд. м3 кеңейту жоспарлануда.
8) 2029 жылдан бастап геологиялық барлаудан (Жаңажол және т.б.) өндірудің болжамды көлемі 1 млрд. м3 құрауы мүмкін.
Нәтижесінде, 2030 жылға қарай 7 млрд.м3 көлеміндегі қосымша газ импортын ескере отырып, қолжетімді ресурс ішкі нарықтың 36,3 млрд. м3 көлеміндегі және ҚХР-ға қосымша газ экспортының 5 млрд. м3 көлеміндегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болады.
Бұл ретте:
- қазақстандық газдың қосымша көлемімен қамтамасыз ету бойынша кейінге қалдырылмайтын шаралар қабылдау;
- импорттық газды сатып алу;
- «ББШ» МГҚ 2-желісін салу;
- ішкі нарықтағы әлеуметтік-әділ баға реформасы қажет.
Егер қосымша көлемдер бойынша бастамалар іске асырылмаса, онда тұтыну көлемі оңтайландырылып, перспективалы жобалардан бастаймыз.
2022 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі кезеңде тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту бойынша шаралар (жалғасы)
Ресурстық базаны арттырудың қажетті шарты кері айдауды және алауларда ілеспе газды жағуды қысқартуға ынталандыратын тәсілдер кешенін әзірлеу болып табылады:
- жер қойнауын пайдаланушыларға фискалдық преференциялар беру;
- газ өңдеу жобаларын бірлесіп іске асыру;
- тәуелсіз жер қойнауын пайдаланушыларға қосымша көлемдердің бір бөлігін экспортқа жіберу мүмкіндігімен, тауарлық газға тартымды сатып алу бағасын ұсыну. QazaqGaz ШИКҚ-мен газ сатып алудың тартымды бағасының формуласын әзірлеп, талқылады. Қазірдің өзінде оң пікірлер бар;
- Газ ҚХР-ға тауарлық газды экспорттық жеткізу бағаларына байланыстыра отырып, нарықтық бағалар бойынша жеткізілетін ірі өнеркәсіптік тұтынушылар мен майнерлердің жаңа санаттарын енгізу;
- Баға белгілеудің әлеуметтік-әділ реформасы.
Әлеуметтік-әділ баға белгілеу: негізгі жүктемені коммерциялық тұтынушылар мен жоғары технологиялық кәсіпорындар көтереді
Тауарлық газ ресурстарының құрылымында 2022 жылы негізгі үлес Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және Жаңажолға тиесілі.
Тауарлық газды тұтыну құрылымы көрсетілген тұтынушылар топтарының газды нақты тұтынуын көрсетеді, мысалы, газ көлемінің 28%-ын халық тамақ дайындау мен жылытуға тікелей жұмсайды. ОЭК тұтыну үлесі 41%, заңды тұлғалар – 29%, бюджеттік ұйымдар – тек қана 2% құрайды.
Келесі диаграмма ОЭК тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін жылу мен электр энергиясын өндіруге арналған газ көлемін ескере отырып, тұтынушылар топтары бойынша газ көлемін бөлуді көрсетеді.
Тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға көтерме бағаларды саралау бойынша келесі тәсілдерді ұсынамыз:
- халық бойынша - жыл сайын бағаның 15%-ға қалыпты өсуі;
- әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұтынушылар бойынша - бағаны 4%-ға дейін ұстап тұруды қамтамасыз ету;
- коммерциялық тұтынушылар бойынша - бағаның жыл сайын 20-30% - ға өсуі;
- жоғары технологиялық кәсіпорындар бойынша - экспорттан «нетбэк».
01.04.2022 жылы Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында пилоттық жоба іске қосылды, онда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тауарлық газдың бөлшек сауда бағасы 20%-ға төмендетілді.
01.07.2022 жылдан бастап жобаны еліміздің барлық өңірлері бойынша ауқымды қолдану жоспарлануда. Бұл әлеуметтік-әділ баға реформасының бастамасы болады.
Ішкі нарыққа газ жеткізу тізбегі, ағымдағы бағалар және реттеу
Ішкі нарыққа газ жеткізу QazaqGaz үшін шығынды болып табылады. Тауарлық газ құнын құрудың жалпы тізбегін (жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алу бағасы, тасымалдау бойынша қызметтер, көтерме және бөлшек бағалар) ҚР ЭМ және ҚР ТМРК қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
2021 жыл бойынша шығындар 162 млрд. теңгені құрады, олар 2022-23 жж. күзгі-қысқы жылыту кезеңінде 184 млрд. теңгеден асуы мүмкін.
Шығындар жер қойнауын пайдаланушылардан газды 1000 м3 үшін 25 209 тг-ден сатып алудың өзіндік құны газ таратушы компанияларға газды өткізудің көтерме бағасынан асып түсуімен байланысты, ол 14 327 тг құрайды.
Газды экспортқа өткізуден түсетін пайда ішкі нарықтағы шығындарды өтемейді
Топтың барлық сауда операцияларын ескере отырып, 2022 жылы ішкі нарыққа газ өткізуден күтілетін шығын - 176 млрд.теңгені құрайды. Ал газды экспортқа өткізуден түскен пайда 113,9 млрд. теңгеге тең.
Жалпы шығын - 62 млрд. теңгеге тең. 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезең ішіндегі шығын 587 млрд.теңге болды. ҰЭМ-нің алдын ала есебіне сәйкес, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап көтерме бағалар 7,6%-ға көтерілген жағдайда, 2022-26 жылдар кезеңінде қосымша шығындар 332 млрд. теңгені құрайды.
Шығындарды субсидиялау үшін резервтер таусылды. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін әсерін тигізбей, баға белгілеудің әлеуметтік-әділ реформасы қажет:
1. жылына +48 млрд.теңге: газ үшін нарықтық баға төлеуге дайын ірі коммерциялық тұтынушылардың (Қазақмыс, Арселор Миттал), майнерлердің және басқа да жаңа санаттарын енгізу қажет, бұл ішкі нарықтағы шығындарды өтеу үшін қосымша табысты қамтамасыз етеді.
2. +8,6 млрд.теңге: тарифтік сметада объектілерді тиісті пайдалану үшін шығындардың болмауына байланысты, магистральдық және тарату тасымалына бекітілген тарифтерді олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту үшін негіздерді кеңейту қажет.
Сондай-ақ, ЖАО-ларды қауіпсіз пайдалану мақсатында газбен жабдықтау объектілері (736 объект немесе ЖАО беретін объектілердің шамамен 60%) бойынша ескертулерді жою жөніндегі жұмысты жеделдету қажет.
ЖАО ҚМ-мен бірлесіп газбен жабдықтау объектілерін бағалау/беру рәсімін жеделдетуі қажет (2 жылдан астам).
ЖАО-ның газбен жабдықтау жүйелерін салу жөніндегі функцияларын QazaqGaz-ға беру мәселесін кешенді қарастыруды ұсынамыз.
- Ондаған млрд. теңге: коммерциялық тұтынушыларға тауарлық газды сатудан делдалдық құрылымдарды алып тастау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде (мысалы: өнеркәсіптік тұтынушыларға әрі қарай м3 үшін 32 теңге бағасы бойынша сату үшін м3 үшін 5,5 теңге бағасымен 10 млрд.м3 тауарлық газды тарта отырып, газды жеткізуге ұзақ мерзімді шарт жасалды).
- Газ ұстап тұратын бағалар бойынша жеткізілетін санаттарға (оның ішінде: халық, ШОБ, бюджеттік ұйымдар, ЖЭК, мұнай-газ химиясы) тауарлық газды тұтынуға сараланған тарифті енгізу.
- Газдың көтерме бағаларының өсуіне 15% шектеуді алып тастау, магистральдық тасымалдауға тарифтер өзгерген жағдайда (әдетте, 1 қаңтардан бастап) және 1 шілдеден бастап жылына 2 рет түзету мүмкіндігі.
- 5 жыл ұзақ мерзімді кезеңге көтерме бағаларды бекіту (электр энергиясына арналған тарифтерге және табиғи монополиялар тарифтеріне ұқсас).
Газға баға белгілеуді жетілдіру, сондай-ақ арзан қазақстандық газдың ЕАЭО газ импорттаушы елдерінің басқа нарықтарына ағылуын болдырмау үшін ЕАЭО-ның Жалпы нарығына қосылуын ескере отырып, қажет болып табылады. Қазақстан ЕАЭО-ның ортақ газ нарығына қосылған кезде, газ бағасы 2 есеге өсіп «шок терапиясы» болу қауіпі бар.
Ұлттық оператордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, халық үшін бөлшек сауда бағасын елеулі көтермей,, газдың көтерме бағасын өсіру қажет
Ұлттық операторда ішкі нарық шығындарын 2025 жылға дейін өтеу үшін қаржы қаражаты жеткіліктілігінің болжамы әзірленді.
Ұлттық оператордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін:
Кешенді жоспардың шеңберінде Энергетика министрлігімен келісе отырып әзірленген көтерме бағалардың қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
Қолжетімді қазақстандық газ ұстап тұратын бағалар бойынша жеткізілетін жаңа ірі тұтынушылардың тізбесін шектеу қажет.
Жалпы, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап көтерме сауда бағасының 7,6%-ға көтерілуі QazaqGaz-дың ішкі нарықтағы шығынсыз қызметі мәселесін шешпейді.
Бұл елді одан әрі газдандыру жөніндегі жоспарларын бұзады.
Құлсары КС мысалында ҚР ГТЖ объектілерінің қанағаттанғысыз жағдайы
Менің өңірлердегі өндірістік объектілерге баруым ГТЖ жағдайының қажетті қаржы қаражатын салып, тез арада жоюды талап ететін бірқатар күрделі проблемаларын анықтады.
Мысалы, Құлсары КС-ға баруымның нәтижелері бойынша оның техникалық жағдайы өте нашар екені анықталды. КС 1968 жылдан бастап (54 жыл) пайдаланылып келеді, оның жұмысына ТШО-ның газ айдау көлемі, сондай-ақ ҚР ішкі нарығының энергетикалық қауіпсіздігі байланысты. КС-тің тоқтауы ТШО-ның тоқтауына әкеледі, бұл мемлекеттік бюджетке көп миллиардтық аударымдарды төлемеу қаупін тудырады.
Газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуді қаржыландыру проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-әділ баға белгілеу қажет.
Газдандырудың бас схемасын, солтүстік облыстарды, астананы және Сарыарқа газ құбыры бойындағы басқа да елді мекендерді газдандыру жобаларын өзектендіру жүргізілуде. Алайда, болжамды тапшылық пен ішкі нарықтағы шығынды баға деңгейіне байланысты, іске асырылмау қауіпі төніп тұр. Газдандырудың баламалы нұсқалары зерттелуде.
Солтүстік өңірлерді және жалпы алғанда, Қазақстанды газдандыруға инвестициялардың тиімділігін арттыру үшін, ұтымды тәсіл қолданылатын болады:
- Тәуелсіз газ тарату ұйымдарының жеке инвестицияларын тарту (ішкі газ нарығының ағымдағы үлесі – 20%).
- Жаңа газ тасымалдау жүйелерін тәуелсіз ресурс ұстаушылармен бірлесіп іске асыру.
- Тұтыну көлемі төмен елді мекендер мен өнеркәсіп, ішінара CNG/LNG газымен газдандырылуы мүмкін.
- Болашақта, табиғи газды тұрақты тұтынудың қалыптасуын ескере отырып, құбыр газына көшуді қамтамасыз етеміз.
Елеулі әлеуметтік, экологиялық және экономикалық әсері бар Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (ҚР ҮҚ 29.11.2018 жылғы №797) қосымша өзектендіру қажет.
Табиғи газ Қазақстандағы жаңа энергетикаға көшуде басты рөл атқарады. Қазақстанның Энергияға Өту Стратегиясын әзірлеу қажет.
Құрметті Үкімет сағатының қатысушылары! Қазақстан экономиканы карбонсыздандыру, жекелеп алғанда, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, елдің энергетикалық балансы құрылымындағы газ көлемін 2030 жылға қарай 25 пайызға жеткізу бойынша биік мақсаттар қойғанын өздеріңіз білесіздер. Бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет тиісті тетіктерді енгізу арқылы, тиісті институционалдық және экономикалық негіз құру үшін күрделі, әрі өте маңызды шешімдер қабылдауы керек екендігін білдіреді.
Табиғи газ Қазақстанда жаңа энергетикаға көшуде басты рөл атқарады. Осыған байланысты QazaqGaz Қазақстан Республикасының энергияға өтудің кешенді бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жобасының үйлестірушісі ретінде өз кандидатурасын ұсынады.
Мемлекет басшысы, биылғы 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде ESG халықаралық инвесторлардың талаптарын күшейту саласы, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру шарттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл IPO-ға шығуға дайындық шеңберінде, біздің компания үшін маңызды.
Біз:
1. Қазақстан Республикасы энергетикасының көміртегі бейтараптығына көшу стратегиясына;
2. Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың кешенді жоспарын енгізу бағдарламасына;
3. QazaqGaz акционерлік құнын өсіру және арттыру стратегиясына негізделген Стратегияны әзірлеуді ұсынамыз.
Қазақстан Республикасы энергетикасының көміртегі бейтараптығына көшу стратегиясын әзірлеу мен енгізуді басқару моделі
Қазақстан Республикасы энергетикасының көміртегі бейтараптығына көшу стратегиясын әзірлеу мен енгізуді басқарудың мынадай моделін ұсынамыз:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Бағдарлама кураторы;
- «Қазақстандық шетелдік инвесторлардың кеңесі» қауымдастығы - Жұмыс органы, жобаны іске асыру үшін алаң ұсынады, ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. ҚШИКҚ қазірдің өзінде құжатты әзірлеуге қызығушылық танытты;
- QazaqGaz - Жоба үйлестірушісі, стратегияны әзірлеу мен енгізуді үйлестіреді, ведомстволардан алынған деректерді жинақтайды;
Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар, Ұлттық экономика министрліктері, өзге де бірлесіп орындаушы ведомстволар стратегияны әзірлеуге белсенді қатысады, қажетті деректер мен сараптаманы ұсынады, өз бастамаларының енгізілуіне жауап береді.
Қорыта келе, біз сіздерге Үкіметтің, Парламенттің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін шоғырландыруды талап ететін бірқатар шұғыл шаралар мен заңнамалық бастамаларды ұсынамыз.
- Тауарлық газдың шектеулі ресурстарын бөлу (қамтамасыз етудегі приоритет) жөніндегі уақытша регламентті әзірлеу.
- Сараланған тәсілді ескеріп және енгізіп, газ бағасын көтерудің ұзақ мерзімді кестесін келістіру.
- Ірі өнеркәсіптік тұтынушылар мен криптовалюталардың майнингін жүзеге асыратын ұйымдардың жаңа категорияларын енгізу.
- Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындарынан қосымша газ ресурстарын алу бойынша «Шұғыл шараларды» іске асыруды қамтамасыз ету.
- ҚМГ және басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарында жаңа газ жобаларын іске асыру үшін фискалдық преференциялар беру мәселесін жеделдету.
- ББШ-ның 2-желісінің құрылысын іске асыруды бекіту.
- Газ тасымалдау құбырын модернизациялауға бағытталған шұғыл жобалары үшін қаржыландыру көздерін табу: («Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ лупингі, «Бейнеу-Жаңаөзен» МГҚ, Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін инфрақұрылым).
- Көмір мен газдың ұтымды пайдаланылуын ескере отырып, «Энергетикалық қауіпсіздік доктринасын» әзірлеу.
- «Мұнай мен газдың стратегиялық резервтерін» қалыптастыру туралы шешім қабылдау.
- Қазақстанның Энергиялық Транзиті Стратегиясын әзірлеу.
- Газ саласын дамытудың Кешенді жоспарын 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі МЕРЗІМДЕ келісу және бекіту.
Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!