Energy Trends: Gas & Petrochemicals конференциясының панельдік сессиясы аясында “QazaqGaz “ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов Қазақстандағы газ саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен реформалардың нәтижелеріне тоқталып өтті.
Сондай-ақ ұлттық компания басшысы осы жылы аяқталған бірқатар маңызды инвестициялық жобалар жайлы айтты. Олардың ішінде “Мақат-Солтүстік Кавказ” магистральдық газ құбырының желісі, сондай-ақ, “Бейнеу-Жаңаөзен” магистральдық газ құбырының екінші желісін іске қосу және басқалары бар.
“Әлі де ашылмаған ресурстар мен елдің бірегей орналасуының арқасында Қазақстанның газ саласы даму жағынан жоғары әлеуетке ие. Болжам бойынша газды тұтынудың өсуі елімізде де, өңірде де байқалады. Мұның бәрі Қазақстанның энергетикалық ойыншы ретіндегі позициясын күшейтеді”, - деп атап өтті Санжар Жаркешов.
Конференция барысында газ саласының жаңа күрделі жобалары, газды сақтау мен тасымалдаудың маңызды жобалары, сондай-ақ газ осы саладағы өзекті трендтер таныстырылды.
Конференцияға сондай-ақ “QazaqGaz “ҰК” АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары М.Ихсанов, “QazaqGaz барлау және өндіру” компаниясының бас директоры А.Қуандықов, “QazaqGaz “ҰК” АҚ шикі газды қайта өңдеу департаментінің директоры Ж.Жылқайдаров, “KazTransGas Onimderi” дамыту жөніндегі Бас директордың орынбасарының м.а. А.Ноғайбаев және “Азия газ құбыры” бас директорының экономика жөніндегі орынбасары С.Қалиасқаров қатысты. Айта кетерлігі "QazaqGaz "ҰК" АҚ іс-шараның бас серіктесі болды.
Спикерлер газ саласындағы жаңа күрделі жобаларды, газды сақтау мен тасымалдаудың маңызды тетіктерін, сондай-ақ осы саладағы өзекті трендтерді таныстырды.