«Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылғы 4 тамызда Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі II Форум өткізді. Іс-шара «Еңбектің қауіпсіз және салауатты болашағы» слоганымен өтті. Форум шеңберінде спикерлер «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы өндірістік қауіпсіздік саласының ағымдағы жағдайы мен сын-қатерлері туралы айтып берді.
Форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Форум Қор тобы жұмыскерлерінің әрқайсысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, барлық портфельдік компаниялардың ортақ күш-жігерін біріктіру үшін ұйымдастырылды», - деп ерекше атап өтті. Өз кезегінде, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов өткен жылдың соңында Қор 3 бағыт бойынша 38 нақты іс-шарадан тұратын 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткенін хабарлады:
1. Адамдар және қауіпсіздік мәдениетін арттыру;
2. Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу.
«Портфельдік компаниялардағы өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және жарақаттану мен апаттардың алдын алуға бағытталған іс - шараларды іске асыру процесі Қордың тұрақты бақылауында», – деді Ғ.Ауғанов.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов панельдік сессия шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының бірінші басшыларымен сөз сөйледі. Санжар Жаркешов компаниялардың жұмыс орындарында, сондай-ақ станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде өндірістік қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні туралы сұраққа жауап берді.
«Өндірістік және ішкі бақылау шеңберінде QazaqGaz-да көп деңгейлі бақылау қабылданды, оған жұмысшылармен қатар бірінші басшылар да қатысады. Топ-менеджмент өндіріс алаңдарына тоқсанына кемінде бір рет барады. Бұл өндірістік және ішкі бақылаудың жеке деңгейі», - деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов.
QazaqGaz жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестендірілген тәуекелдер мен қауіптерді ескере отырып, Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.