Филиал қызметкерлерінен басқа, кездесуге аудандық газ шаруашылықтарының өкілдері және өндірістік персонал қатысты. Филиал басшылары қызметкерлерге бес негізгі бағыттан тұратын «Жаңарған QazaqGaz» жаңа көзқарасын таныстырды.
Бірінші - Мемлекет басшысының компанияға толық аудит жүргізу және компания қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ірі жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау. Ірі жобаларды іске асыру шеңберінде Компанияның міндеттерінде Маңғыстау және Атырау облыстарының, Алматы қаласының ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газ тасымалдау жүйелерін қайта жаңарту, қуаты 1 млрд.м3 жаңа газ өңдеу зауытын, сондай-ақ Түркістан облысында бу-газ қондырғысын салу бар.
Екінші бағыт адам капиталын дамытуды қамтиды. Бұл бағыт меритократия, транспаренттілік қағидаттарына және өндірістік персонал үшін еңбек жағдайларын жақсартуға негізделген кадр саясатын жаңартуды және жетілдіруді көздейді.
Үшінші бағыт ұлттық компания алдында тұрған теңдессіз сындарды шешу үшін жаңа даму стратегиясын әзірлеуге шоғырланады. Бұл жұмыс газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының, оның ішінде Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол және т.б. кен орындарының жобаларына тартылған трансұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді.
Төртінші бағыт - ГТЖ-ны тиісті пайдалану және ішкі нарықты қорғау арқылы газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету.
Бесінші бағыт - Компанияның сатып алуларының ашықтығын арттыру және сатып алудың жаңа моделін енгізу жолымен шығындарды оңтайландыру, оның ішінде сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту және өндірісті ҚР-да жергілікті ету, сондай-ақ компаниялар тобының активтерін монополиясыздандыру және оңтайландыру және делдалдық құрылымдарды алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Бұдан бұрын, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов сараптамалық кеңестің, ардагерлер кеңесінің, орта буын басшыларының, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен газ тасымалдау жүйесінің өндірістік филиалдары мен объектілері қызметкерлерінің, соның ішінде инженерлік құрам мен қатардағы қызметкерлердің қатысуымен Town Hall форматында коммуникациялық сессия өткізгенін естеріңізге сала кетейік. QazaqGaz басшысы Компания дамуының жаңа көзқарасын таныстырып, негізгі басымдықтарды белгіледі.