«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ Басқарма Төрағасы (Бас директоры) болып Манас Тасыбаев тағайындалды. Жоғары білімді Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында инженер-құрылысшы мамандығы бойынша алған. Оның отандық газ тасымалдау саласында елеулі тәжірибесі бар. Бес жылдан астам уақыт бойы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры қызметін атқарып, ел өңірлерін газдандыруға елеулі үлес қосты. Атырау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының құрылымына кіретін «QazaqGaz Qurylys» ЖШС Бас директоры лауазымын атқарды.
Сонымен қатар «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры (Басқарма Төрағасы) болып Ернар Құлқыбаев тағайындалды. Оның бизнес құрылымдар мен өндірістік кәсіпорындарды басқару бойынша 30 жылдық тәжірибесі бар. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.