2023 жылғы 23 маусымда QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері арасында жазғы Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов сөз алып, жарыстар басталды деп салтанатты түрде жариялады.
«Алдағы 2 күнде бізді QazaqGaz – 2023 Спартакиада кубогы үшін табанды күрес күтіп тұр. Бұл жарыстар Fair Play – әділдік, тазалық және адал бәсекелестік қағидаттарына сәйкес өтуі тиіс. Есте болсын, спорт алаңында сіз қарсылассыз, ал жеке және кәсіби өмірде – біз бәріміз QazaqGaz деген үлкен отбасының мүшесіміз», – деді Ұлттық компания басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Спартакиадаға Қазақстанның түрлі облыстары мен компанияның өндірістік филиалдарының қызметкерлері қатысады. Қатысушылар келесі сайыстар бойынша жүлделі орындарға таласуы керек: тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, шахмат, суда жүзу, арқан тарту, үстел теннисі, киберспорт, армрестлинг, асық ату және футзал. Жарыс 23 және 24 маусымда жалғасады.