«QazaqGaz» ҰК» АҚ дамуында маңызды қадам жасалды. Тәуекелдерді зерттейтін жаһандық провайдер Morningstar Sustainalytics алғаш рет "QazaqGaz" компаниялар тобының тұрақты дамуын жаһандық деңгейде бағалады.
Алынған 19,2 ESG-рейтингі QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық масштабта да өз дәрежесін дәлелдеп отыр. Аталған қадам компанияның даму стратегиясында, жаһандық нарыққа шығуы үшін маңызды болып отыр. Сонымен қатар, компанияның IPO нарығына шығуында да шешуші роль атқаратынын ескеру керек. QazaqGaz ESG тәуекелдерін тиімді басқаруға ұмтылып қана қоймайды, сонымен қатар бұл мәселелерді компанияның стратегиясына біріктіреді. Газ өнеркәсібі Қазақстан экономикасында шешуші рөл атқарады. Ал компанияның тұрақты дамуға деген ұмтылысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді.
Sustainalytics (Амстердам, Нидерланды) – экология, әлеумет және корпоративті басқару саласында зерттеулер жүргізетін жетекші тәуелсіз компания. Ұйым әлемдік инвесторларға әлеуметік жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектеседі.